Испания Каталония автономиясын тоқтатады
Каталония тағдыры 21 қазан күні өтетін Испания министрлер кабинетінің отырысында шешіледі
Испания үкіметі конституцияның 155-ші бабын жүзеге асыруды бастайды. Бұл Каталонияның автономиялық статусын тоқтатады. Бұл туралы корольдік премьер-министрінің кеңсесі хабарлады.
Анықталғандай, 21 қазан күні министрлер кабинеті кезектен тыс отырыс өткізіп, Каталонияға қатысты келесі қадамдар шешіледі.
Естеріңізге саламыз, 10 қазан күні каталондық парламент депутаттары республиканың тәуелсіздігі туралы құжатты қабылдаған болатын.
Следующая →