Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыста алты бекет салу жоспарда бар

Облыста 2019 жылы үш жел электр станциясы мен бір күн электр станциясын салу көзделіп отыр

Баламалы қуат өндірудің бұл төрт жобасы Ұлан мен Жарма аудандарында жүзеге аспақ. 

Одан бөлек, облыста ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде Ресей, Чехия, Германия, Жапония, Венгрия, Финляндия елдері ұсынған сегіз жоба  жүзеге асырыла бастамақ. Бұл жобалардың барлығы өндірістік, тұрмыс қалдықтарын өңдеу мен электр қуатын үнемдеу, заманауи шағын жылыту орталықтарын салумен байланысты. Ал жел мен күн электр станцияларының жалпы қуаты 132 МВт энергияны құрамақ, қуатын күшейту арқылы бұл энергияны 280 МВт күшке дейін жеткізуге болады. 

- Төрт станцияны салуға жұмсалатын қаржының барлығы инвесторлардың қалтасынан шығады. Мемлекеттік қазынадан ешқандай қаржы бөлінбейді, - дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Оралбеков.

Жел мен күннен қуат өндіретін станциялар екі ауданды толықтай жарықпен қамтамасыз етпек. 

- Зырян ауданында Тұрғысын екі суэлектр станциясын жобалау жұмыстары басталып кетті, - деп толықтырды Қайрат Оралбеков.

Демек, алдағы уақытта облыста баламалы энергия көздерін игеретін алты бірдей станция аудандарды жарықпен қамтуды бастамақ. 

Халықаралық көрмеге барған Казцинк кәсіпорны да зауыттан шығатын зиянды заттар мен қалдықтарды өңдеп, оны энергия мен жылуға айналдыруға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыруды ойлап отыр. Бұл Риддер мен Зырян қаласындағы кәсіпорын зауыттарында іске асуы мүмкін. 

Следующая →