Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

18 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ақ үй: АҚШ азаматтары «Трамптың» екінші рет сайлануын «өтінеді»

Ақ үйдің баспасөз қызметкері Сара Сандерстің айтуынша, американдықтар ел президенті Дональд Трамптың екінші рет сайлануын өтінетін болады.

Оның айтуынша, мемлекет басшылығында 9 ай болған Трамп «ғаламат жетістіктерге жеткен». Президенттік мерзімнің келесі жылдары дәл осылай сәтті өтсе, американдықтар оның тағы төрт жылға сайлануын «өтінетін» болады.

Сайлау алдында Трамптың Республикалық партия кандидаты болуы түк қиындық тудырмайтынына Сандерс сенімді.


Гавай соты Трамптың мигранттар туралы қаулысын жауып тастады

Американдық Гавай штатының федералды соты АҚШ президенті Дональд Трамптың иммиграциялық қаулысының соңғы нұсқасын күшіне енбей тұрып жауып тастады.

Сот құжатында баяндалғандай, миграциялық қаулының соңғы нұсқасы бұрынғы мәселелерінен айнымайды.

Атқарушы қаулыда «аталған алты елден 150 миллионнан астам азаматтың келуінен АҚШ мүддесіне қауіп төндіруі туралы дәлелдер жеткіліксіз» дейді қорытындыда.

Атап өту керек, егер қаулы күшіне енетін болса, АҚШ төңірегіне Сирия, Иран, Ливия, Сомали, Йемен және Венесуэла, Чад және КХДР азаматтарына кіруге уақытша тыйым салынады.

Ақ үй соттың бұл шешімін «қауіпті, әрі қате» деп бағалады.

- Округтік соттың қауіпті, әрі қате шешімі президенттің американ халқын қауіпсіздендіру күшіне және АҚШ-қа қауіпсіз кірудің минималды стандарттарын қамтамасыз етуіне қайшы келеді, - дейді американдық жетекшінің әкімшілігі.

Аталғандай, «АҚШ әділет министрлігі президенттің құқықтық әрекетін батыл қорғайтын болады».


Сириялық оппозиция Ракканың толық азат етті

АҚШ қолдауымен әрекет ететін сириялық демократия күші Ислам мемлекетінен Ракканы азат етті. Бұл қала ИШИМ астанасы саналып келген болатын.

Агенттік хабарлауынша, 17 қазан күні сириялық оппозиционерлер Раккадағы стадионға кіріп, өз туын көтерген.

Осылайша төрт айға созылған Ракка үшін шайқас аяқталды.


Соңғы 34 жылда Британияда ең қауіпті террористік жағдай орнады

Британдық барлаушыларының Қауіпсіздік қызметі басшысы Эндрю Паркердің айтуынша елдегі террористік қауіп деңгейі қарыштап, соңғы 34 жылдағы ең қиын жағдай орын алған.

- 2017 жылғы оқиғаларды, алды алынған жағдайларды есепке ала отырып, Ұлыбританияда исламистер тарапынан террористік қауіптің өсіп бара жатқаны аян. Бұл деңгейі мен ауқымы жағынан тез өсетін, біз көрмеген көпдеңгейлі қауіп, - дейді Паркер.

Мұндай жағдайға Франция, Бельгия, Испания және Германия тап болғанын да ескертеді.

Паркер хабарлағандай, Ұлыбритания МІ5 контрбарлау қызметі қазір 500-ден астам террористік қызмет бойынша іс жүргізуде.

Соңғы төрт жылда Ұлыбританияда 20-дан астам террористік шабуылдың алды алынған.

- Соңғы жеті ай ішінде полициямен бірлесе отырып исламистердің 7 террористік қастадықтардың алды алынған, - дейді ол.


Египетте Рамзес ІІ дәуіріндегі белгісіз ғибадатхана табылды

Археологиялық жаңалықты Египеттің көне істер бойынша министрлігі мен чех археологтар ашты. Есеп беру баяндамасында көрсетілгендей, Рамзес ІІ заманындағы ғибадатханалық кешені анықталған.

Египтологтардың зерттеуіне ұсынылған археологиялық қазба 32х52 метр аумақта орналасқан. Ғибадатханалық кешеннің артында қоймалық аула орналасқан. Ғалымдардың пайымдауынша, ол жерде діни бұйымдар болған.

Бір қызығы, ғибадатхана күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылып, кей жерлерде көк түсті бояулардың қалдығы табылған. Сол сияқты көне құрылыс нысанының бейнесін құрайтын түсті бедерлер белгіленді. Археологиялық орындағы қабырғалардың бойында бағандар ізі де қалған. Ғибадатхана үш секцияға бөлінген.

Ғалымдардың айтуынша, көне ескерткішті зерттеуге бірнеше археологиялық кезең жұмсалады. 

Следующая →