17 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Путин КХДР еліне қарсы санкция туралы қаулы шығарды
Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға қатысты санкция туралы қаулы шығарды. 2016 жылдың 30 қарашасынан белгіленген құжат құқықтық ақпарат туралы ресми ғаламтор порталында жарияланды.
Қаулыда КХДР елінің ядролық бағдарламасына, шектеу салынған баллистикалық зымыранға қатысты жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар тізімі жазылған.
Сонымен қатар зымырандық-ядролық бағдарламаға қолданылуы мүмкін деген тауарлар КХДР төңірегіне тасымалдануға тыйым салынды.
Қаулы бойынша, КХДР елімен сауда-экономикалық, банк-қаржылық және ғылыми-техникалық өзара әрекеттестікке қосымша тыйым салынады.
Көп жағдайда КХДР-ға мыс, никель, күміс және цинк тасымалданбайды.
Путин КХДР ядролық бағдарламасымен байланысты теңіз кемелерін Ресейдің мемлекеттік тіркеуінен алып тастау туралы бұйрық берді. Сол сияқты мұндай кемелерге ресейлік кемежайларға тоқтауға тыйым салды.
АҚШ ядролық қарудан бас тартса ғана КХДР ядролық бағдарламаны тоқтатады
Солтүстік Корея әлемдегі ядролық қарудан бас тарту ойын қолдайды. Алайда АҚШ арсеналы сақталып тұрған сәтте өз ойынан бас тартпайды. Бұл туралы БҰҰ жанындағы тұрақты КХДР өкілінің орынбасары Ким Ин Рен мәлімдеді.
- КХДР бүкіл әлемдегі ядролық қаруды жою туралы ойды қолдайды. Алайда АҚШ ядролық қарумен КХДР-ды бопсалап, қорқытып тұрғанда КХДР келісімге келмейді, - дейді Ким Ин Рен БҰҰ Бас Ассамблеясы комитетінің қарусыздандыру бойынша отырысында.
Оның айтуынша, КХДР-дың ядролық қару мен континентаралық баллистикалық зымыранмен жабдықталуы «өз-өзін қорғау шаралары» болып табылады.
- Жау шебі мен АҚШ тарапынан ядролық қауіп бәсеңдемейінше, өзіміздің ядролық қару мен баллистикалық зымырандарымыз бойынша ешқандай, ешқашан келіссөз жүргізбейміз. Сол сияқты өз таңдаған жолымыздан бір дюмге де шегінбейміз, - дейді Ким Ин Рен.
Дипломат АҚШ шекарасының тегіс зымырандар нысанасында тұрғанын да нақтылады.
Мэй және Юнкер Brexit бойынша келіссөзді іске қосуға келісті
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Брюссельдегі кешкі ас барысында Brexit бойынша келіссөзді жылдамдату туралы қорытынды жасады.
- Премьер-министр мен Еурокомиссия төрағасы келіссөз барысындағы үдерісті сараптап, жуық айларда оның іске қосылуы керек деген тұжырым жасады. Кешкі ас үйлесімді және достық қарыс қатынаста өтті, - дейді Мэй мен Юкер.
Әйелдерге ең қауіпті мегаполистер аталды
Thomson Reuters Foundation қайырымдылық ұйымы әйелдерге ең қауіпті мегаполистерді зерттеп, анықтады.
Әйелдерге ең қауіпті мегаполис болып Каир танылды. Екінші орында пакистандық Карачи мен Конго ДР астанасы Киншаса. Үшіінші орында үндістандық астана Дели, төртінші Перу астанасы Лима деп танылды.
Ең қауіпсіз мегаполистер ретінде Париж, Токио және Лондон танылды.
Зерттеу жұмысы мамандардан алынған сауалнамаға негізделді. Қалаларды бағалау барысында зорлық деңгейі, медициналық қызмет, кейбір дәстүрдің таралымдары, экономикалық мүмкіндіктер ескерілді.
Майкл Фассбендер мен Алисия Викандер жасырын үйленді
Қоғам арасында Фассбендер мен Викандердің толыққанды жасырын үйленетіні туралы қауесет тарай салысымен, жұпты Ибицадан байқаған. Жұп үйленгендері туралы ресми түрде хабарламаса да, қолдарындағы неке жүзігі бұл ақпаратты барынша растайды.
Бұл аралдарда жұлдыздар достарымен бірге жағалаудағы барда болған.
Естеріңізге саламыз ирландық актер Майкл Фассбендер мен Швеция актрисасы Алисия Викандер «Мұхиттағы жарық» кинолентасын түсіру жұмыстары барысында танысқан.
Следующая →
Тақырыптар:
Санкции против КНДР Ядерное оружие КНДР Ядерное оружие США Brexit в Великобритании Премьер министр Великобритании Тереза Мэй Самые опасные города Актер Майкл Фассбендер Международные отношения Утренняя панорама мировых новостей