Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

13 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ ЮНЕСКО құрамынан шығу туралы шешім қабылдады Құрама Штаттар ЮНЕСКО құрамынан шығу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаменті. АҚШ Мемлекеттік департаменті 12 қазан күні ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковаға ұйымнан және оның бағытынан шығатыны туралы хабарлады. - Бұл шешім оңай қабылданған жоқ. ЮНЕСКО-дағы израильге қарсы саясат, ұйымдағы реформаның қажеттілігі, толып кеткен қарыздарға байланысты АҚШ алаңдаушылыұ тудырып келген, - дейді АҚШ мемлекеттік департаменті жариялаған хабарландыруда. Бұл шешім 2018 жылдың 31 қазанда күшіне енеді. Оған дейін АҚШ ұйым мүшелігінде болады. Филиппинге, Қытайға және Вьетнамға тропикалық «Ханун» дауылы қауіп тудыруда «Ханун» деген атау алған жаңа тропикалық дауыл Тынық мұхитының батыс өңірінде қалыптасты. Гонконг метеоқызметі жұма күні хабарлағандай, ол Филиппин еліне, Қытайдың оңтүстігіне және Вьетнамның солтүстігіне қауіп төндіріп тұп, деп хабарлайды ТАСС. Қазір циклон эпиценті филиппиндік үлкен арал саналатын Лусон жерінің солтүстік өңіріне жақындаған. Күш алып келе жатқан құйын батыс бағытында қозғалып келеді. Дүйсенбі күні табиғи апат қытайлық Хайнань аралына, келесі күні вьетнам жағалауларына жетуі мүмкін. «Ханун» - бұл кезеңдегі 20-шы дауыл. Гоконг синоптиктерінің болжауынша, желдің максималды жылдамдығы 28 метр секундына жетуі ықтимал. Жерге жақын қашықтықта ірі астероид ұшып өтті Бейсенбі күгі Жерге жақын жерден диаметрі 15-30 метр болатын астероид ұшып өтті. Өткен түнде 2012 TC4 астероиды жер жанынан ұшып өтті. Челябинск метеоритінен ұлкен астероид туралы жаңалық көптеген адамдардың зәресін алды, - деп хабарлайды «Фобос» ауа-райы орталығын. Бұған дейін ғалымдар оның жерден 50 мың шақырым жерден ұшып өтетінін болжаған. Алайда астероидтың максималды жақындау қашықтығы 42 мың шақырымға жетті. Бұл Айдан он есе жақын қашықтық еді. Швецияның оңтүстігінде шабуыл орын алды Елдің оңтүстігіндегі Треллеборг қаласының орталығында орын алған атыстан төрт адам жараланып, ауруханаға түсті. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерді Мальме және Дунд қаласындағы ауруханаларға жеткізді. Бұл туралы Треллеборг қаласының полиция өкілдері мәлімдеді. Атыс туралы хабарландыру кешкі 22:30 шамасында жарияланған. Зардап шеккендердің барлығы ер адамдар. Зардап шеккендердің жарақаты мен жағдайлары туралы еш дерек жоқ. Құқыққорғаушылар оқиға орнын қоршауға алып, сараптама жүргізуде. Черчилльдің темекісі АҚШ-та сатылды Британ премьер-министрі Уинстон Черчилльдің аяғына дейін шегілмеген сигарасы АҚШ саудасында 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды РИА Новости. Атақты саясаткер бұл темекіні 1947 жылдың 11 мамырында париждің Ле Бурже әуежайында шеккен. Құнды дүние ұшақ экипажы мүшелерінің бірімен сақталып қалған. Он сантиметрлік сигара қалдығында оның La Corona / Winston Churchill деген атауы сақталып қалған. Аталғандай, сигараны Флоридалық коллекцияшы сатып алған.
Следующая →