Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    +1°
$
510.18
-4.84
601.91
-2.31
¥
72.6
-0.59
6.51
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Владимирск облысында апат болған автобустың иесі Мәскеуде ұсталды

Мәскеу соты заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан қазақстандық азаматты, Байдолла Налтаевты, 4 желтоқсанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарған.

Владимириск облысында ауыр апатқа ұшыраған автобус та аталған заңсыз тасымалдаушының көлігі болып шыққан.

- Б.Налтаев шетел азаматтарын миграциялық есеп құжатынсыз заңсыз тасымалдағаны үшін әрбір жолаушыдан 5000 рубль шамасында сыйақы алып отырған, - дейді Ресей Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомства Владимирск облысында апатқа ұшыраған автобус ішіндегі 17 жолаушының көз жұмғанын жеткізді.

Аталған азаматқа қатысты екі айып тағылуы мүмкін. Оның бірі – қауіпсіздік талаптарын сақтамай жолаушыларды тасымалдау. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Екіншісі шетелдік азаматтарды заңсыз тасымалдаумен байланысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, 6 қазан күні Владимирск облысы, Петушин ауданында қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысып, 58 адам зардап шеккен еді. Оның ішінде, 17-і қаза тапты. 

Следующая →