12 қазанға арналған әлемдік жаңалықттар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Лукашенко ТМД әрекеттерін сынға алды
Белоруссия президенті Александр Лукашенко Тәуелсіз мемлекеттер достастығының әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Interfax.
- Біз әлі бір орында тұрмыз. Достастықтың қажеттілігін нақты істермен бекіту керек, - дейді А. Лукашенко Сочидегі ТМД елдері басшыларының отырысында.
Президент айтып өткендей, әрбір өңірлік бірлестіктердің мақсаты – сауданың екіжақты ашықтығы мен шаруашылықтың тең жағдайы. Бұл үшін бізде жақсы негіз бар – еркін сауда алаңы туралы келісімшарт.
- Былтыр бес мемлекет арасында мемлекеттік сатып алуды реттеу үрдісі мен ережелері туралы хаттама толтырылды. Оны жүзеге асыру жұмыстары жүруде. Бұл құжатта Қазақстан, Молдова және Украина басшыларының жеке қолы қойылмаған. Бір жағынан сауданың ашықтығы туралы айтып, екінші жақтан нарықтың басты бөлігін құрайтын мемлекеттік сектордағы сатып алуға жол бермейміз, - дейді А. Лукашенко.
Ол сонымен қатар еркін қызмет саудасының алаңын құруға назар аударды.
- Лайықты келісім бойынша жұмыстың қалай жүріп жатқанын барлығы біледі. Мамандар жиналып, ескі мәтіндегі азат жолдардың орнын ауыстыра салып, қарауға жібереді. Екі-үш айдан соң жағдай қайталанады. Осылайша жылдар өтуде. Жобаның үйлестірушісі жоқ. Ал атқарушы комитет міндетін орындай алмады, - деді беларусс жетекшісі. - Мен айтып өткен екі бағыттың қозғалысы ұйымға жаңа дем береді. Болмаса, ТМД жақсы мақсаттардың саласында ғана қалып қояды. Көтерілген тақырыптар қаралуы үшін министрлер кабинеттеріне тапсырмалар беру қажет.
Президент ТМД Парламентаралық ассамблеясының да қызметін сынап тастады.
- Оған арнайы уәкілеттілік артуды ойласақ та, бұл құрылым жұмыс істемесе, неге мүлдем бас тартпасқа? Ол жерде біз модельді заңдар қабылдаймыз, бірақ Беларуссияда ұлттық заңнама қабылдау негізі жоқ. Мұндай ешқашан болмаған да. Яғни, депутаттар Питерде жиналып алып, талқылап, айтқан сыңай танытады. Бірақ бұл қажеттілік тудырмаған соң, ол туралы ештеңе білмейміз. Шенеуніктерді есепсіз көбейтіп жатырмыз, ал пайдасы мүлдем жоқ, - дейді беларусь басшысы. - Ашығын айтқанда, жоғары деңгейде шешім қабылдаймыз, бірақ әрқашан жүзеге асыра бермейміз. Тіпті шешімдер де, біздің деңгейге лайықты емес. Қараңызшы, арыздар мен өзге дүниелерге.
Президенттің айтуынша, беларусь жағы көтерген сауда-экономикалық өзара әрекеттестік пен қауіпсіздіктің маңызы зор.
- Қауіпсіздік мәселесі – олар біздің есігімізді қағып тұрған жоқ, үйімізге еніп кеткелі қашан. Біз оларды ұяла жүріп айналшықтаймыз. Не бұл сұрақтарды қоя алмаймыз, не шеше алмаймыз, - дейді А. Лукашенко. - Барлығы жақсы деген түр жасаймыз, жиналып баяндама оқимыз, ал мұның пайдасы тым аз. Мүмкін бізге әрекеттерімізді обьективті сарапқа салып, реформа жасап беретін мамандарды белгілеу керек шығар?
Оның айтуынша, дәл мұндай мәселелер ЕАЭО-да да кездеседі. Бірақ бұл одақтың маңызы зор болғандықтан әлдеқайда нақты шешімдер, күнтізбе орнатылған.
- ЕАЭО-да парламенттік өлшемнің болғанымен келісер едім, себебі мұнда да талқылайтын жайттар бар. Біздің посткеңестік құрылымдардың санасын қалыпқа келтіру керек, - дейді А. Лукашенко.
Трамп: Демократтар Ресейдің араласуынан емес, әлсіз кандидатқа бола жеңілді
Демократтар 2016 жылғы президент сайлауына әлссіз кандидат ұсынғандарын мойындай алмайды, сондықтан Ресейдің араласуымен өздерін ақтағылары келеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп "Фокс ньюс" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ақ үй иесіне Ресейдің сайлауға араласқаны туралы кезекті сұрақ қойылды. Ол демократтар «сайлаудағы өз жеңілістерін ақтауға тырысуда» деп жауап берді.
- Олар (демократтар), мәссаған барлығы біз ойламағандай келеді деп пайымдады. Келесі күні кітап жазу барысында өздеріне «сайлауда неге жеңілдік» деген сұрақ қойды. Жауап тапты. Ол Ресей, Ресей! - деді Трамп сөзін жалғап. - Бұл Ресей үшін емес, әлсіз кандидатқа байланысты орын алды.
Қазіргі уақытта американдық Конгрестің үш комитеті және арнайы прокурор Роберт Мюллер реселік билік пен Трамптың сайлауалды компаниясы арасында өзара келісім болғанын, болмағанын тергеуде. Трамп осыған дейін де қандай да бір болжамның негізсіз екенін айтқан. Бұл әрекетті Мәскеу де жоғары деңгейде, ашық түрде мәлімдеген.
Бірінші арнаның бұрынғы жүргізушісі өз телекомпаниясын құрды
Тележүргізуші Андрей Малахов телеарналарға жобалар дайынндайтын компанияның негізін қалады. Бұл туралы «Лента.ру» сайты хабарлайды.
«ТВ Хит» компаниясындағы капиталдың 50 пайыз үлесі Малаховқа тиесілі, ал қалғаны продюсер және медиаменеджер Александр Митрошенковтың атында.
Аталғандай Малахов «ТВ Хит» бас продюсері қызметін, ал бас директор қызметін Ресейлік Телевидение академиясының мүшесі Александра Новикова атқарады.
9 қазан күні Малаховтың «Ресей 1» арнасында «Қабырға» ойын-шоуын жүргізетіні белгілі болған. Жобаның бірінші көрсетілімі 22 қазанға жоспарланған.
Неміс ғалымы қазір 2017 жыл емес, 1720 жыл деп мәлімдеді
Германиялық ғалым таратқан ақпаратқа сүйенсек, 297 жыл ойдан шығарылыпты-мыс. Ортағасырдың бірқатар уақыты ойдан шығарылған, деп хабарлайды Әлем жаңалықтары.
Тарихшы григориандық күнтізбедегі жалған ақпаратты меңзейді. Хериберт Иллиг тіпті ортағасырдағы қаскүнемдікті дәлел ретінде ұсынады: 614 жылға дейін және 911 жылдан кейін көптеген маңызды оқиғалар орын алған. Ал осы екі жылдардың арасында айтарлықтай маңызды дүниелер орын алған жоқ. Ал екі мерзімнің арасындағы тарих ойдан шығарылыпты.
Бұл қаскүнемдікті үш әлемдік билеуші Византия басшысы Константин VII, Папа Сильвестр II және рим императоры Отто III әдейі ұйымдастырыпты-мыс. Олардың қаскүнемдіктері 297 жылды ойдан шығару болды.
Оның мәні Оттоны таққа 1000 жылы отырғызу болды. Билеушілерге алғашқы мерзім әлдеқайда үлкен маңызға ие болды. Бұл жыл Құдай жылымен тұспа тұс еді.
Хериберт Иллигтің ойы «Фантомды уақыт» деген атау алды. Атап өту керек, кейбір ғалымдар бұл ойды қолдайды. Бұл теорияға қарсы шыққандар да бар. Бірақ тарихты ешкім қайтадан жазып жатпасы анық.
13 қазан күні Жерге магниттік дауыл соғады
Жуық арада жерге күн желінің жаңа соққысы жетеді. Ол кезекті магниттік дауылды туғызады. Ол 13-14 қазан күндері орын алады деп болжануда.
Бұл күні байланыс және өзге де электронды құралдарының жұмысы бұзылып, техногенді апаттардың саны өсуі мүмкін. Метеосезімталдылығы жоғары адамдар бұл күні үлкен ыңғайсыздық сезінуі ықтимал. Мұндай күндері ағзалардың жағдайына үлкен мән беру керек.