Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Чехия президенті тілшілерге қоқан-лоқы жасады

Чехия президенті Милош Земан Страсбург қаласындағы Еуропалық Кеңес штаб-пәтеріне кіріп бара жатып, тілшілерге қатысты қатаң мәлімдеме жасаған.

Newsroom ČT24 телеарнасының хабарлауынша, Земан Еуропалық Кеңес ғимаратына еніп бара жатып, чех операторына тіл тигізіп, оны қорлаған. Бұл бейнетаспаға түсіп қалған.

Бейнетаспада президенттің маңындағы нөкерлерінің біріне «Мына операторды өлтіріңдер, болмаса, өзім тындырамын» деген сөзін естуге болады.

Президент баспасөз қызметі кейін хабарлағандай, Земанның операторға қарсы сын айтуы заңды. Өйткені оператордың өзі президенттің жолын кес-кестеп, оның жүруіне мұрсат бермеген.

- Президенттің жүйкесі жұқарғанын оператордың өзі де сезуі керек болатын. Өйткені ол президенттің жүруіне көп кедергі келтірді, - деді баспасөз қызметі. 

Следующая →