Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

11 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Каталония басшысы тәуелсіздік туралы құжатқа қол қойды

Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон мен автономияның өзге басшылары Испаниядан тәуелсіздік алу жөніндегі туралы құжатқа қол қойды.

Декларацияға Пучдемонның орынбасары Ориол Жункерас, Каталония парламентінің басшысы Карме Форкадель және заңнамалық органның 72 депутаты қол қойды.

Егер Мадридпен өтетін келіссөз жүзеге аспаса, құжат парламент сайлауына шығады, деген болжам бар.

Пучдемон 1 қазандағы референдум қорытындысы тәуелсіз мемлекет құруға негіз болады деп мәлімдеген. Алайда ол Италия билігімен диалог бастау үшін тәуелсіздікті жариялауды бірнеше аптаға тоқтатуды парламентке ұсынды.

Италия Каталония тәуелсіздігін мойындамады

Бұл туралы Италияның сыртқы істер министрі Анджелино Альфано мәлімдеді.

- Италия тәуелсіздік біржақты жариялау әрекетін ұтымсыз деп тауып, кез-келген ушығу салдарынан бас тартады. Испан үкіметінің өз конституциясын қорғау алатынына сенім білдіреміз, - дейді хабарландыруда.

Вегастағы атысқа байланысты полицияның жаңа нұсқасы жарияланды

Невада штатындағы Кларк округі полициясының шерифі Джозеф Ломбардо Лас-Вегастағы кантри музыка концертінде қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ жаудырған 64 жасар Стивен Пэддоктың ісіне қатысты жаңа нұсқаларды айтты.

Бұған дейін Пэддоктың 1 қазан күні кешкі сағат 22.08-де атыс бастағаны белгілі болған. Полиция ұсынған нұсқа бойынша, алғашқы атыс басталған сәтте Пэддоктың бөлмесіне қонақ үй күзетшісі Хесус Кампос кірген. Ол нөмірге кірмек болған, бірақ есіктен өтіп кеткен оқтан жарақат алған.

Шерифтің айтуынша, күзетші мылтық дауысына емес, бөлменің есігі ашық тұрғанына, көрші бөлменің қабырғасын құралмен тескен Педдоктың әрекетіне бола келген. Кампос оның бөлмесіне таяй берген кезде Паддок оның жүрген жеріне бірден оқ жаудырған. Бұл қайғылы оқиғаға алты минут қалған сәтте орын алған.

Бұдан кейін Пэддок концерттегі адамдарға шабуыл жасап, 11 минут қатарынан автоматту қарумен оқ жаудырған. Тек осыдан кейін барып полиция оның бөлмесіне кірген.

Адамдарға оқ атпас бұрын Пэддк қонақ үй дәлізіне және есік көзшесіне екі камера орнатып қойған. Ол мұны полицияның келе жатқанын алдын ала көру үшін істеген. Кампос атаған қабырғадағы тесік камераны орнату үшін дайындалған.

Атқыш сонымен қатар қосымша шығу есігіне дуал орнатып тастаған. Бұл полицияның еніп кетпеуі үшін жасалған.

Шерифтің айтуынша, атқыш тек адамдарға ғана емес, көшеде орнатылған жанармай ыдыстарын да нысанаға алған. Ол осылайша өрт шығарып, құрбандарының санын арттырмақ болған.

Калифорнияда табиғи апат режимі бекітілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорниядағы орман өртіне байланысты табиғи апат режимін бекітті, деп хабарлайды АВС арнасы.

- Штат губернаторы Джерри Браунмен сөйлесіп, федералды үкіметтің Калифорния тұрғындарын апатты жағдайда қалдырмайтынын хабарладым. Бұл қайғылы оқиға барысында біз сіздермен боламыз, - дейді америкалық жетекші.

Табиғи апат туралы қабылданған декларация бойынша, федералды үкімет зардап шеккендерге көмек көрсетіп, өрттің алдын алу үшін штатқа қаражат бөледі.

Соңғы деректер бойынша Калифорниядағы өрттен 15 адам құрбан болып, 100-ден астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Өрт 1,5 мың үйді жалмап, 20 мың адамның көшуіне тура келген.

Шивелуч жанартауы 8 шақырымдық күл шашты

Камчаткадағы Шивелуч жанартауы теңіз деңгейінен 8 шақырым биіктікке күл шашты, деп хабарлайды Ресей ғылым академиясының Камчаткадағы Геофизикалық филиалы.

- Бұл оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертең орын алды. Күлді шлейф батысқа қарай тарады, - дейді РҒА.

Қазіргі уақытта күлдің жергілікті мекендерге тарағаны туралы дерек жоқ. Құтқарушылар жанартау маңына баруға тыйым салуда. Өңірде авиация үшін «тоқсары» қауіп деңгейі жарияланды.



Следующая →