Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

10 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан Брюссель келіссөзінсіз шыға алады
 
Брюсселмен саудалық келісім жүзеге аспаса да, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шыққан соң «тәуелсіз сауда ұлты» ретінде жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Британия премьер-министрі Тереза Мэй парламеттегі сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.
Депутаттарға сөйлеген сөзінде, Мэй Brexit бойынша келіссөзден шынайы қозғалыс байқалғанын, елдің «кез-келген жағдайға» дайын болу керектігін айтты.
Өз сөзінде Британ премьері «егемен Ұлыбритания мен мықты, әрі олжалы Еуропалық одақтың жаңа, терең және ерекше ынтымақтастығын» қолдайтынын айтты.
- Бұл ынтымақтастықтың жетістігі жетекшілікті тек бізден емес, ЕО-ға мүше 27 елден талап етіледі, - дейді ол.
Мэй қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған экономикалық ынтымақтастықтың модельдерінен бас тартып, Ұлыбританияға ыңғайлы шешім табу керектігін алға тартты.
 

Мэттис: АҚШ Армиясы КХДР соққысына жауап беруге дайын болуы шарт
 
Американдық армия КХДР араздығына жауап беруге дайын болуы керек. Бұл туралы АҚШ қорғаныс мекемесінің басшысы Джеймс Мэттис жыл сайын өтетін Американдық армия ассоциациясы кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды CBS News
- АҚШ әскерінің жалғыз әрекеті – қажеттілік туындаса президент таңдаған әскери әрекеттердің бір нұсқасын пайдалану, - дейді Мэттис.
Оның айтуынша, КХДР ядролық және зымыран бағдарламасының айналасында АҚШ пен БҰҰ дипломатиялық күшке жүгінуде.
Мэттис КХДР жағдайына байланысты бюджеттік қаралымның дайын болуын Конгресстен сұрады.
 

Жапония өзіндік GPS жүйесін жасап шығарады

«Митибики-4» нақтылы GPS жүйесін құру үшін Жапония Танэгасима ғарыш айлағынан төртінші жер серігін ұшырды.
Аталғандай, жер серігін орбитаға H2A-F36 тасығыш-зымыраны жеткізеді.
Егер төртінші жер серігі сәтті жұмыс істесе, Жапония 2018 жылдан бастап американдық GPS жүйесімен бірге өзіндің құрылғысын пайдалана бастайды.
 

Атлант мұхитында Офелия дауылы қалыптасты
 
Атлант мұхитында дүйсенбі күні жаңа тропикалық Офелия дауылы қалыптасты. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлайды.
Бұл дауыл осыған дейін ұйытқыған Харви, Ирма, Мария және Хосе сынды жойқын күшке ие болған жоқ.
- Ауа-райы болжамы көрсеткендей Офелия құрлық үшін ешқандай қауіп төндірмейді, - дейді метеоролог Джадсон Джонс.
АҚШ Ұлттық құйындар орталығы хабарлағандай, дауыл Азор аралдарынан 1384 шақырым жерде қалыптасқан. Алдын ала болжам бойынша, алдыңғы жұма күндері Оферия біртіндеп күшейіп, дауылдық көрсеткішке дейін күшейеді.
 
Ресейде елге төнетін қауіпті тұстар аталды
 
РФ Мемлекеттікті қорғау бойынша Федерация кеңесі комиссиясы Ресейдің ішкі ісіне араласатын тоғыз бағытты атады. Бұлар ең қауіпті, әрі маңызды деп аталды.
Комиссия баяндамасында «шетел мемлекеттерінің мүддесіне сүйене отырып, саяси істерге тура және жанама араласу арқылы азаматтық қоғамға әсер ететін коммерциялық емес ұйымдарды қолдау» қауіпі бірінші кезекте аталды.
РФ Бас прокуратурасының хабарлауынша, ағымдағы жылы мұндай ұйымдардың саны 90-нан асып жығылған. Мұндай коммерциялық ұйымдардың табысы 70-тен 90 миллиард рубльге жетеді. Оларға деген шетелдік қаржылай көмек жылдық бюджеттің 90 пайызын алып отыр.
Сенаторлардың пікірінше, тыстан келетін қауіптің қатарына білім беру мекемелерімен бірлесе жұмыс істеу жатады. Білім беру бағдарламаларын қаржыландыру арқылы бұл саланы бақылау, оның бағытын өзгерту, саяси бәсекелестерге таптырмайтын мүмкіндік.
Сонымен қатар «БАҚ пен әлеуметтік желіні елдің бірлігін, билік институтын, саяси жетекшілерді құлдыратып, қоғамдық пікірдің бірбеткей түрін қалыптастыру» қауіпті көрінеді. Заңнамашылар Орыс православ шіркеуінің беделін түсіру, діни араздық тудыру да қауіпті екенін алға тартады.
Сенаторларды алаңдататын тағы бір жайт, қарсылық акцияларына жастарды тарту, ресейлік сайлауына федералды және өңірлік деңгейде шетелдіктердің араласуы. «Солтүстік Кавказ, Повольжя және Қырым республикаларындағы этникалық мәселелерді қоздыра отырып, ұлтаралық қақтығыс, жанжал, қарсылық акцияларын тудыру» РФ істеріне тыстан араласу қауіпін тудырады.
Мұнымен қоса Ресейге қарсы санкциялар «қоғамдық билікке қысым көрсету» қауіпі және әлемдік аренадағы ресейлік саясат пен экономикалық өмірін қаралау деп бағаланады.
 
Следующая →