Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

6 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ Атқыштар ассоциациясы қару бақылауын күшейтуге қарсы

Лас-Вегастағы оқиғаға байланысты қару бақылауын күшейту туралы кейбір американдық саясаткерлердің ұсынысына АҚШ Ұлттық атқыштар ассоциациясы қарсы шығып отыр.

- Лас-Вегастағы ессіз шабуылдан соң америка халқы болашақта мұның қайталанбауын ойластыруда. Өкінішке орай, кейбір саясаткерлер қаруды бақылауға алу туралы ұсыныс айтады. Есінен кеткен адамға сүйене отырып заңға бағынышты американдықтарға қару ұстауға тыйым салудан еш пайда жоқ. Бұл факті бүкіл әлемде бірнеше рет дәлелденген, - дейді бес миллион мүшесі бар ассоциация мәлімдемесінде.

Естеріңізге саламыз, 2 қазан күні Лас-Вегастағы кантри-музыка фестивалінде жойқын оқиға орын алған. 64 жасар американдық Стивен Пэддок қонақ үй терезесінен халыққа оқ жаудырған.

«ИШИМ» бақылауында Сирияның 10 пайызы ғана қалды

Бүгінгі таңда Ислам мемлекеті террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) Сирияның оннан бір бөлігін ғана иемденіп отыр.

Бұл деректерді РФ Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Игорь Конашенков жариялады.

- 2015 жылдың 30 қыркүйегінде ИШИМ-мен күресе бастаған Ресей Федерациясының Әскери Ғарыш Күштері халифат иелігіндегі өңірді 10 пайызға дейін қысқартты, - дейді генерал.

АҚШ пен халықаралық коалиция ИШИМ-мен екі жыл қатарнынан күрескенде Сирияның 90 пайызы тікелей немесе жанама түрде исламистердің иелігінде болған.

АҚШ-қа жаңа Нейт дауылы жақындап келеді

Кариб теңізінде Нейт деген атау алған жаңа дауыл қалыптасты. Ол дауылдық күшке ие болып, төрт адамның өмірін қиып үлгерді. Нейт Мексика түбегіндегі АҚШ шекарасына жақындап келеді.

- Демалыс күндері Нейт түбек жағалауына дауылдық күшпен жетеді деген болжам бар. Қатты жел мен жаңбырдың жойғыш күші тек арта түседі, - дейді хабарландыруда.

Қазір табиғи апат Никарагуада. Бұл елдің билігі екі адамның қаза тапқанын, үш адамның іс-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар Коста-Рикада екі адам қаза тапқан. Қолайсыз ауа райы тудырған су тасқыны 5 мың үйді шайып кетті.

Демалыс күндері АҚШ-қа таяған Нейт елдің құрлығымен өте шығады деп болжануда.

Жер сілкінісінен кейін Мексика астанасында мыңдаған үй қиратылуы мүмкін

Мексика билігі жер сілкінісінен зардап шеккен мыңдаған насанды қиратуы мүмкін. Бұл туралы Мексика астанасының мэрі Анхель Мансера мәлімдеді.

- Консервацияға кеткен үйлер саны (адамдар онда кірген жоқ, тыйым салынады) 800-ден 1 мыңға дейін жетеді, - дейді Мансера.

94 пайыз нысандардың барлығына жүргізілген тексеру жұмыстарынан соң 8,4 мың құрылыс нысанының зардап шеккені тіркелді. Олардың 4,7 мыңы кішігірім зардап шеккендері, ал 1,4 мың үйге орта деңгейдегі қирау белгілері бекітілді.

Бұған дейін Мексика президенті Энрике Пенья Ньето ек жер сілкінісінен қираған нысандарды қалпына келтіруге 37,5 млрд песо (2 млрд доллардан астам) қажет екенін айтқан.

Қарт британдықтың үйінен 14 ұрланған мысық анықталды

Полиция британдық Траффорд тұрғынынан 14 ұрланған мысықты тәркіледі. Құқыққорғаушылар мысықтардың суреттерін желіде жариялады, деп хабарлайды Manchester Evening News.

Полицияға британдық қарт әжейдің көршілері шағымданған. Олардың айтуынша көршісі «айтарлықтай көп мысық» ұстайды. Бұдан кейін сол ауданда жоғалған мысықтардың суреттері әлеуметтік желіде қаптап кеткен.

Үш мысықтың иесі бірден анықталған. Қалған он шақты үй жануарының иелері анықталуда.

Жануарларды қорғаушылар мысықтардың жайын жақсы деп бағалайды. Дендері сау. Мамандар мысықтарды жақсы күткенін айтады.

Следующая →