3 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Каталониядағы референдумде 900 адам зардап шекті
Каталония тәуелсіздігі туралы референдум өткен күні 893 адам медициналық көмекке жүгінген.
Каталония денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, мұнша адам 1 қазан күні өткен полициямен қақтығыс барысында жарақат алған. Олардың ішінде 4 адам ауыр жарақат алды. Қазір олардың денсаулықтары қалыпты.
Естеріңізге саламыз, 1 қазан күні Каталонияда тәуелсіздік үшін референдумде дауыс беру акциясы өтті. Мұны Испания билігі мойындамай отыр. Дауыс беру үрдісінде полиция және Испания ұлттық ұланы мен тәуелсіздік үшін дауыс берушілер жағында үлкен қақтығыс орын алды.
Лас-Вегаста төтенше жағдай режимі бекітілді
Американдық Невада штатының Кларк окургінің басшылығы қалада орын алған атысқа байланысты төтенше жағдай режимін бекітті.
ТЖ режимі дүйсенбіден бастап бекітілді.
Лас-Вегас – әлемдегі ең танымал туристік орталық болғандықтан, адамдар көп шоғарланған орындар террористер мен қылмыскерлердің нысанына айналады.
Төтенше жағдай арқылы орын алған оқиға салдарын жою үшін күштік құрылымдар жұмылдырылады.
Естеріңізге саламыз, Лас-Вегастағы Route 91 кантри-музыка фестивалінде АҚШ тарихындағы адамдардың жаппай қырылуына себеп болған қылмыс орын алды. 64 жасар американдық Стивен Пэддок қонақ үй қылтимасынан халыққа оқ жаудырды. Соңғы ақпарат бойынша 59 адам қаза тауып, 527 адам зардап шеккен.
Иран мен Ирак бірігіп, Күрдістанға жақын жерде әскери дайындық өткізді
Иран мен Ирактың қарулы күштері біріге отырып, Ирактық Күрдістанға жақын маңдағы өңірде әскери дайындық жүргізді.
Иран әскери қызметкерлерінің айтуынша, елдің батыс өңірінде екі елдің бронды танк, артилерия және әуе күштері бірлесе дайындалған.
- Иран мен Ирактың жауы бір және өз шекараларындағы қауіпсіздікті қаматамасыз етулері керек, - дейді Иранның Ислам революциясы жасақтарының жаяу күштері қолбасшысы Могаммад Пакпур.
АҚШ КХДР елімен жүретін диалогтың басты тақырыбын айтты
АҚШ Солтүстік Кореямен саяси сұрақтар төңірегінде диалог жүргізбейді. Диалогтың басты тақырыбы американ азаматтарын босату туралы болады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс мәлімдеді.
- Қазір КХДР-мен әңгімелесетін уақыттың келмегенін нақты түсіндік. Біз тек қамауға алынған американдықтарды азат ету сұрақтары бойынша әңгімелесеміз. Бұдан өзге ешқандай келіссөз болмайды, - дейді Сандерс.
ИМ-нің мұнай сатудан пайдасы 90 пайызға түсті
«Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) мұнай сатудан көріп отырған пайдасы, 2015-2017 жылдар арасында 90 пайызға төмендеп кеткен. Бұл туралы USA Today хабарлайды.
Егер нақты есептік көрсеткішті атайтын болсақ, 2015 жылдан бері 50 миллионнан 4 миллион долларға жеткен.
Мұнайдың басым бөлігі Сирия нарығында саудаланды немесе өзге елдерге тасымалданған. Мұнайдан түскен пайда террористердің жалақысының жартысын құрады. Мұның қалған бөлігін ИМ тонау арқылы толтырып отырған.
- Көріп отырған пайдасының жартысынан айрылуы көп жайтты түсіндіреді. Олардың шекаралары қысқарып, жергілікті халыққа салық салу мұршасы да төмендеген, - дейді Вашингтон университетінің таяушығыс саясатының сарапшысы Эндрю Таблер.
Следующая →
Тақырыптар:
Референдум в Каталонии Стрельба в США Референдум в Ираке Иракский Курдистан Исламское государство Международные отношения Утренняя панорама мировых новостей