Астанадағы Сирия келіссөздерінің бүгінгі жоспары
Бүгін Астанада Сирия мәселелерін шешуге арналған алтынша жиын өтіп жатыр. Жиын ертең аяқталады
Күн тәртібінде Сирия еліндегі деэскалация жағдайын басқару жөніндегі құжаттар қаралмақ. ЮНЕСКО тізіміне енген Сирия еліндегі тарихи ескерткіштерді аман алып қалу мәселесі де талқыланбақ.
Жиынға қатысушылар бүгін Идлиб, Хомс және Шығыс Гуте аймағындағы деэскалациялық аудандардың картасын жасау, тұтқындарды босату бойынша жұмыс жасайтын комиссияның құрамын анықтау сынды мәселелер қарастырылмақ.
- Жиынға қатысушы талаптар тек Идлиб зонасына қатысты ғана екіұшты ойда. Бұл мәселе екінші 15 қыркүйек күні шешіледі деп күтілуде, - делінген"Интерфакс-Қазақстан" агентігі жолдаған хабарламада.
Идлиб провинциясын келіссөзге қатысушы кепіл-мемлекеттердің барлығы өз бақылауында ұстағысы келетіндіктен, біршама келіспеушіліктер орын алып отырғанға ұқсайды.