Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ел болам десең, бесігіңді түзе

Егемен Қазақстан еңсесін көтергелі өз бағыт-бағдарын, әуселесін танып келеді. Еркіндігін желеу еткен қазақ елі өзінің басты құндылығын адам мен оның құқығы екенін танытты

Саралы жылдардың жылжуымен адам өмірінің құны өсіп келе жатқандай. Себебі, Отанымыз әр отбасындағы баланың қамына қауқар жұмсайтын жағдайға жетіп отыр.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін бірінші, екінші және үшінші балаға төленетін бір реттік жәрдемақы көлемі ағымдағы жылдың басында 71 720 теңгенің айналасында болды. Егер жанұяда төртінші немесе одан кейінгі бала дүниеге келсе, 104 374 теңгеге жететін-ді. Ал шілде айынан бастап бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы 86 222 теңгеге өскен. Ал төрт баладан асса, 142 974 теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.

- 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 тамыз аралығында облыстағы 3 746 балаға бір реттік туу туралы грант беріліп, төлем жүргізілді, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның ШҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Азамат Есембулов.

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бала және әйелдерге арналған жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілді. Бұл стандарттың 9-тармағы бойынша балаға жәрдемақы алу үшін қызмет алушының жеке басын куәландыратын, сондай-ақ оралмандар үшін «оралман» құжаты, баланың туғандығы туралы анықтама не болмаса бала асырап алуды растайтын құжат, неке қию туралы құжат немесе үшінші тараптың өтініші туралы сенімхат қажет.

- 2017 жылы ХҚКО департаменті, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті және Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының арасындағы бірлескен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, - дейді Азамат Хамидуллаұлы. - 2016 жылдың 20 қыркүйегінен бастап перзентханаларда қызмет түрлері бойынша пилоттық жоба жұмыс істей бастады.

Бұл пилоттық жоба бойынша перзентханаларда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді қоса алғанда, баланың тууын тіркеу жүргізіледі. Баланың туылуына және бала күтімі бойынша жәрдемақы, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төлем тағайындалады. Сол сияқты мектепке дейінгі мекемелерге балаларды тіркеу жүргізіледі. Осылайша балаға қажетті ең басты алғышарттар қолма-қол жасалады.

- Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері күн сайын перинаталды орталықтарға және перзентханаларға келіп түскен қажетті құжаттарды ресімдейді, - дейді департамент басшысы. - Арнайы тағайындалған перинаталды орталық пен перзентханада мемлекеттік қызметті алу үшін бір мезгілде төрт өтініш алады. Егер мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін үйге жеткізу қажет болса, қызметкер қызмет алушымен келісім жасайды. Бұл жағдайда қызмет көрсетуші қызметтің өзіндік құнын төлеуге және шартқа қол жеткізуге ақы төлеу туралы түбіртекті тіркеуге міндетті.

Жеке тұлғаны қоса алғандағы құжаттардың толықтығын растағаннан кейін мемлекеттік корпорацияның қызметкері ХҚКО бөліміне өтінімін тіркейді. «ХҚКО» қоғамдық қызметі үшін өтініш рәсімделеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – туу туралы куәлікті алғаннан кейінгі екі жұмыс күні.

- Баламыз дүниеге келгенде әлеуметтік төлем берілетіні туралы хабардар болдық, - дейді Сабина Тохтарова есімді жас ана. - Перзентханада мемлекеттік қызметкерлер барлық ұсыныстар туралы түсініктеме берді. Сонымен қатар, алғашқы төлемнің өскені туралы естідік. Баланың алғашқы айындағы күтімі үлкен шығынға татитынын кейін түсіндік. Мемлекет тарапынан бұл жәрдемақы ата-аналар үшін таптырмас көмек деп есептейміз.

Шығыс Қазақстан облысы халық саны жағынан төртінші орынға ие. Жыл санап жамағат саны да артып келеді. Балаға деген ата-ананың жауапкершілігі қаншалықты жоғары болса, мемлекет тарапынан халыққа деген жауапкершілік артып келеді. Бүгінгі әлеуметтік төлемнің өсуі мұның дәлелі болар. 

Следующая →