Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

12 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады.

Қытай банктері КХДР азаматтарына есепшот ашуға тыйым салды

Қытай банктері теңдессіз қадамға барды. КХДР капиталы ағымын тоқтату үшін Солтүстік Корея мен КХДР-ге қатысы бар азаматтарға есепшот ашуға тыйым салды, деп хабарлайды Financial Times КХР «алып төрттіктің» өкіліне сілтеме жасай отырып. Мемлекеттік банктердің филиалдары одан зорғысын істеді. Жаңа түсім алу үшін солтүстік кореялықтардың барлық есепшоттарын қатырып тастады.

Қытайдың «алып төрт» банкіне Industrial & Commercial Bank of China, China Construction Bank, Agricultural Bank of China және Bank of China сынды қаржы институттары енеді.

КХДР кезекті ядролық сынағын өткізгеннен кейін Ким Чен Ын режиміне қарсы санкцияны күшейтуге «сұңқарлар» тобы құрылған сыңайлы.

Жапонияда бір апта ішінде 750 адам ыстықтан ауруханаға түсті

Өткен аптада орын алған аптап ыстықтан Жапонияда 773 адамға ыстық өтіп ауруханаға түсті. Бұл туралы елдің өрт сөндіру қызметі хабарлады.

Аталғандай, зардап шеккендер саны екі есеге азайған. Қазір ыстық бәсеңдеп, елдің басым бөлігінде жаңбыр басталды.

Жапонияда 1 мамырда кенет ыстық орнап, 44 адам қаза тапқан болатын. Жергілікті билік өкілдері халыққа көп су тұтынып, күннің астында көп уақыт өткізбеуге шақырған еді. Былтырғы жылы аптап ыстықтан 100-ден аса адам қаза тауып, ондаған мың адам ауруханаға түскен.

БҰҰ қауіпсізді кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция жариялады

Солтүстік Кореяға қарсы жаңа іс-шаралар қарары дауыс берушілерден қолдау тапты.

12 қыркүйекке қараған түні Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесі құжатты қабылдауға бірден келісім берді.

Қарар бойынша, енді Пхеньянға жылына екі миллион баррель мұнай өнімін сатып алуға шектеу қойылады. Сонымен қатар, соңғы 12 ай деңгейінде шикі мұнай импортына тыйым салынып, сұйылдылған газ бен газ конденсатын КХДР еліне тасымалдауға тыйым салынады.

Естеріңізге саламыз, АҚШ Пхеньянға толықтай мұнай эмбаргосын жариялап, ел көшбасшысы Ким Чен Ынға қарсы санкция салуды көздеген болатын.

Құпияны бұзған Facebook-ке 12 млн еуро айыппұл тағылды

Испания деректерді қорғау агенттігі әлемдік Facebook әлеуметтік желісіне құпиялылық саясатын бұзғаны үшін айыппұл тақты, деп хабарлайды баспасөз мәлімдемесінде.

Ресми мәлімдеме жасай отырып агенттік айыппұл салудың себебі мен салдарын түсіндіріп өтті. Дерек бойынша, Facebook пайдаланушылардың жеке ақпараттарын өз мүддесі үшін пайдаланған.

Жалпы агенттікте әлеуметтік желі жіберген 3 қателік тіркелген. Олардың біреуі айтарлықтай маңызды. Бастапқы екі қателік үшін 300 мың еуродан талап етілді, ал соңғы бір кемшілікке 600 мың тағылды. Агенттік жүргізген бақылау бойынша, Facebook пайдаланушылары туралы көптеген ақпараттарды талап ете отырып, оның қандай мақсатта қолданылатыны туралы есеп бермейді.

Facebook-ке салынған ең үлкен айыпұл мөлшері 2014 жылы 110 млн еуроға жеткен. Еурокомиссия WhatsApp-ты сатып алу жағдайлары туралы жалған ақпарат таратқаны үшін төлем талап еткен.

«Тақтар ойынының» жетінші кезеңін 1 миллиар адам заңсыз тамашалаған

Жетінші кезеңнің жеті сериясын жеке-жеке 140 миллион адамнан тамашалаған. Ал заңсыз көрсетілімнің бар жиынтығы 1,03 млрд-қа жеткен, деп хабарлайды ВВС. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, заңды түрде әрбір серияны бар жоғы 32 миллион адамнан көрген.

Ағымдағы жылдың жаз мезгілінде НВО телеарнасы хакерлік шабуылға ұшырағандықтан қарақшылық көрсетілім саны асып тұр.

Қаскүнемдер 1,5 терабайт ақпараттарды және «Тақтар ойынының» бірнеше сериясын жымқырып кеткен.

Аталғандай, сериялды торренттен жазып алу - қарақшылықтың бәсең түрі. Торренттің қарақшылық көрсетілімі - 9 пайыз ғана. Тыйым салынған контенттің негізгі түрі - онлайн көрсетілім ұсынатын пираттық сайттар. Олардың үлесіне 85 пайыз көрсетілім кіреді.

Следующая →