Фейсбук желісі Ресейден заңсыз саяси хабарламаның тарағандығын мәлімдеді
«Фейсбук» әлеуметтік желісінің қауіпсіз ақпараттарды қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алекс Стамос Ресей үкіметінің АҚШ сайлау науқаны кезінде желіде саяси ақпараттарды таратқаны үшін 100 мың доллар жұмсағанын айтады
- Жарнамаға жұмсалған сомаларды қарастыра келе, 2015 жылдың маусымы мен 2017 жылдың мамыр айына дейін үш мыңға жуық жарнама парақшаларының елдің саяси жүйесіне қатысты негізсіз ақпарат таратқанын анықтадық. 470 жалған аккаунд жұмысына шамамен 100 мың доллар қаржы жұмсалған. Мән-жайды анықтай келе, бұл жалған аккаундтар мен парақшалардың бір-бірімен нығыз байланысты екені белгілі болды. Біздің ойымызша, мұны Ресей елі қолдан жасаған, - дейді Стомас.
Қазіргі уақытта бұл парақшалар құлыпталған. Мұнда президент сайлауына қатысты ақпараттар тарамаса да, АҚШ-тың ішкі саясатына қатысты қоғамдық дау тудыратын мәселелерге қатысты мағлұматтар тараған. Оның ішінде қару-жарақ сақтау, иммиграция сынды тақырыптар талқыланған.
Кейін Рейтер агенттігі хабарлағандай, бұл мағлұматтардың барлығы прокурор Роберт Мюллерге берілген. Мюллердің командасы деректердің АҚШ-тың президент сайлауына ықпал ету не етпеу жағдайларын қарастырмақ.