Мәскеу түбіндегі мектептердің бірінде тоғызыншы сынып оқушысы оқ жаудырды
Мәскеу түбіндегі Ивантеевкадағы №1 мектепте тоғызыншы сынып оқушысы білім ордасына суық қару әкеліп, оқ жаудырған
Алдын ала ұсынылған ақпараттарға сәйкес, орын алған оқиғадан кейін төрт адам зардап шеккен. Сондай-ақ, «мерген» оқушы өзінің сынып жетекшісін ұрып-соққан. Сынып жетекшісі ауыр бас жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар хабарламада айтылғандай, оқушы өзінің бұл ісін алдын ала жоспарлап, әкесінің қаруын және бірнеше петардасын ұрлаған.
Зардап шегушілердің алған жарақаттарының сипаттамасы нақты хабарланбады. Mash ақпаратына сәйкес, мұғалімнің басынан оқ жарақатын алған, ал дүрбелең кезінде мектеп терезесінен секірген үш оқушы әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Оқ атқан оқушы ұсталды.