Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +30°
$
451.77
+2.01
485.97
+2.97
¥
62.28
+0.28
5.07
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

29 тамызға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live ақпараттық порталы әлемде болып жатқан маңызды жаңалықтарды ұсынуды жөн көріп отыр

АҚШ-та «Харви» дауылы кесірінен 8 адам көз жұмды

Бұл жайында Техас штатының басшылары айтып отыр. Оның ішінде алты адам Хьюстон қаласында көз жұмған. Дауылдан өзге қалаларға қарағанда Хьюстон көбірек жапа шеккен.

Бұған дейін БАҚ-та «Харви» дауылынан бес адам көз жұмғаны айтылған болатын.


АҚШ қару жарақтарын Оңтүстік Кореяға жеткізбек

АҚШ әскерилері Оңтүстік Кореяға өздерінің қару-жарақтарын орналастыра отырып, Солтүстік Кореяға Тынық мұхитына зымыран жібергені үшін жауап қайтармақ.

- Оңтүстік Корея аумағына B-52, B-2 и B-1B бомбалаушы ұшақтар мен F-35 қырып-жою құралы орналастырылды, - делінген Ренхап агенттігі хабарламасында.

Бұған дейін Солтүстік Корея сейсенбі күні таңертек Жапон теңізіне қарата зымыран аттандырған болатын. Зымыран 2,7 мың шақырымды алып ұшқан, ал зымырынның жерден ұшу биіктігі 550 шақырымға тең. Кейін Тынық мұхитына барып құлаған.


Лос-Анджелесте Г.Головкиннің ашық жаттығу кеші өтті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Альвареспен кездесуге дайындық барысында Лос-Анджелес қаласында ашық жаттығу өткізді. Ашық кешке БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

GGG жанкүйерлері боксшының үздік техникаларын тамашалай алды.

Қазақстандық боксшының кездесуі 16 тамыз күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena стадионында өтпек. Қазақстан уақыты бойынша 17 тамыз күні таңертеңгі уақытқа дәл келмек.


Канадаға «Харви» дауылы төніп келеді

Тропикалық дауыл Канадаға сәрсенбі не бейсенбі күні жетуі мүмкін. Дауыл Жаңа Шотландия, Ньюфаундленд және Лабрадор аймақтарына жетуі мүмкін.

- Дауыл кезінде қатты жаңбыр тұрады, - дейді метеорологтар.

«Харви» дауылы Техас штатында 12 жыл бұрын болған. Қазіргі таңда жапа шеккендердің саны онға таяу.



"Игра престолов" телесериалы жаңа рекордқа қол жеткізді


Сериалдың сегізінші сезонын 16 млн адам тамашалаған. 12,1 млн адам теледидарда тамашалаған болса, 4 млн адам интернет желілер арқылы тамашалаған.

Ақпаратты хабарлап отырған Лента ру баспасы бұл сериалдың АМС телеарнасынан көрсетілген "Ходячие мертвецы" сериалынан да асып түскенін айтады. Бұл сериалды 11,35 млн адам тамашалаған.

Сериал эпизоды 80 минутқа созылған. 
Следующая →