Өлгенше соққыға жыққан
Өскемен қаласының тұрғыны мас күйінде ер азаматты соққыға жығып, оқиға орнынан ізін суытқан
Алайда, полиция қызметкерлері қандықол қылмыскерді дер кезінде тұтқындады. Айта кетейік, оқыс оқиға өткен сенбіде 1-Арычная көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі дос спирттік ішімдік ішіп отырған. Осылайша аяқасты екеуінің арасында жанжал туындап, 1989 жылғы азамат досын өлімші етіп сабаған.
- Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ер адам өзінің қылмысын мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Қылымыскерге қатысты ҚР ҚК 106-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың кикілжіңіне не себеп болғаны белгісіз.
Следующая →