АҚШ-та «Унесенные ветром» фильміне тыйым салынды
Мемфистегі «Орфееум» кинотеатры Виктор Флемингтің «Унесенные ветром» классикалық картинасының жыл сайынғы көрсетілімінен бас тартты
Шарлотсвиллдегі зорлық санының артуына байланысты бұл фильм Американың Конфедератты Штаттарын романтизациялайды деген пікір айтылды.
Аталған фильм 34 жыл қатарынан жыл сайын көрсетіліп келді. Төрт сағаттық фильм инфляциялық түзетумен 3,5 млрд доллар жинап, кинематография тарихындағы ең бай фильм атанған. Лента 10 «Оскар» марапатына ие болды. Қара нәсілді Мамушка қызметкерінің рөлін сомдаған әртіс Хэтти Макдэниел «Оскарға» ие болған алғашқы афроамерикандық атанған болатын.
- «Орфеумде» жуықта көрсетілген «Унесенные ветром» көптеген пікірлер тудырды, - дейді кинотеатр дирекоры. - Біз олардың барлығына тыңғылықты мән бердік. Көңіл көтеретін ұйым ретінде танылғандықтан, аудиторияның басым бөлігіне фильмді көрсете алмаймыз.