Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Венеция мэрі: Террористерге ескертусіз оқ атамыз

Венеция мэрі Луиджи Бруньяро атақты Сан-Марко алаңында «Аллах Акбар» деп айғайлағандардың барлығына ескертусіз оқ атылатынын айтты.

- Біз Италиядағы терроризмді жеңуіміз керек және біз қорғанысымызды күшейтеміз. Егер біреу Сан-Марко алаңында «Аллах Акбар» деп айғайлағандардың барлығын атып тастаймыз. Бір жыл бұрын мұның төрт қадамнан кейін орындалатынын айтсам, биыл мұны үш қадамға қысқартамын, - дейді Бруньяро Римини қаласында өткен халықаралық католиктік форум аясында.

- Терроршылар бізге зиян тигізгенше оларды Аллаға жіберіп отырамыз, - дейді Бруньяро күлкіге бөленген халықтың ду қол шапалағын қабыл алып.

Көптеген итальяндық БАҚ өкілдері венециялық мэрдің сөздерін азғыру деп қабылдады. Бірақ оның пікірі мүлдем бөлек.

- Барселонаға қарағанда біз әлдеқайда сақпыз. Біз ешкімді айқасқа шақырмаймыз. Біз тек құқыққорғаушы органдарға үндеу жіберіп, өзіміздің кім жағында екенімізді айқындап береміз, - деді Бруньяро.

- Біз анық сөйлеуге тиіспіз. Біз Италияда ойыңа келгенді істеуге болады деген жағдай тудырмауымыз керек, - деп сөзін аяқтады Венеция мэрі.
 
АҚШ Венесуэлаға қарсы санкцияны күшейтпек
 
АҚШ вице-президенті Майкл Пэнс Майамидегі баяндамасында Вашингтон Венесуэлаға қарсы экономикалық қысымын санкция арқылы жүргізетінін мәлімдеді
АҚШ Венесуэла президенті Мадуро мен оның айналасындағыларға санкцияның үш раундын бағыттады. Бұл санкциялар әлі өсетін болады, - дейді Пенс.
Оның айтуынша, Штаттар «Мадуро тәуелсіз және әділетті сайлау өткізбейінше, саяси қуғындағыларды босатып, венесуэла халқына қарсы репрессияны тоқтатпайынша әрекетін тоқтатпайды».
 
Трюдо: Кеңестік және нацистік режимдер адам естімеген айуандыққа барған
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо жыл сайынғы Молотов-Риббентроп пактісіне қол қойып, кеңестік және нацистік режимнің көптеген қылмыс жасап, адам құқығына немқұрайлы қарағаны туралы баяндама оқыды.
- Пактіге қол қойылғаннан кейін кеңестік және нацистік режимдер Еуропа төңірегіндегі адамдардың ұлттық және жеке тәуелсіздігіне бірнеше жыл бойы басқыншылық ұйымдастырды. Миллиондаған адамдарды өлтіріп, ерлер, әйелдер мен балаларды айуандықпен азаптады, - дейді канадалық премьер.
Трюдоның айтуынша «қанды режимнің» әрекетінен көптеген құрбандар өз үйлерін тастап кеткен.

- Олардың өмірлері әмбебап адам құқығының маңыздылығын көрсетіп, тәуелсіздіктің қаншалықты осал екенін айқындай түседі, - дейді ол.
 
Роттердамда теракт қауіпіне байланысты рок-концерт шарасы тоқтатылды
Голландық Роттердам полициясы теракт қауіпіне байланысты американдық Allah-Las рок-группасының концертін басталмай жатып тоқтатып тастады, деп хабарлайды Reuters.

Қала мэрі Ахмед Абуталеб концерт залына жақын маңнан полицияның испандық нөмір белгісі бар жүк көлігін тоқтатты. Көлік газ баллондарына толтырылған. Оның айтуынша, қазір құқықққорғаушылар жүк көлігінің жүргізушісінен жауап алуда.
Абуталеб американдық рок-группаның концерті испандық полицияның террористік қауіп туралы ескертуінен кейін тоқтатылғанын растады. Испандық билік өкілдерінің қандай ақпарат жібергені белгісіз. Қазір концерт өтетін орынды полиция қоршауға алды.
 
АҚШ ядролық зарят тасымалдауға қабілетті қанатты зымыран жасамақ
 
Lockheed Martin және Raytheon корпорациялары алшақ радиуста әреккет ететін бобалаушыларға арналған ядролық заряд тасымалдайтын зымыран шығармақ, деп хабарлайды АҚШ ӘӘК.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы келісімшарт 54 айға белгіленіп, 900 миллион доллар бөлінеді. Осыдан кейін АҚШ ӘӘК екі компанияның бірін мың ракета шығаруға іріктейді. Мұнымен қоса жаңа зымырандар толық ядролық зарядпен жабдықталуға тиісті.
Следующая →