Шілде айында қазақстандықтардың саны 20 мыңға артқан
2017 жылдың 1 маусым айында қазақстандықтардың саны 18 млн 14,2 мың болса, 1 шілде күні олардың саны 18 млн 34,4 мыңға жеткен
Статистика мәліметтеріне қарасақ, Қазақстанның табиғи өсімі былтырғы жылмен салыстырғанда біршама баяу. Биылғы қаңтар-маусым айындағы көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,3 мыңға аз.
2017 жылы қаңтар-маусым айында елде 189,2 мың бала өмірге келген, бұл былтырғы көрсеткіштен 6,4 пайызға аз. Ал аталған кезең ішінде елде 59007 жанұя құрылса, былтыр 59970 жанұя құрылған екен. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 26785 ажырасу жағдайы болса, былтыр бұл кезеңде 25193 отбасы ажырасқан.
Биыл бұл кезең ішінде 15063 адам елден көшіп кетсе (6 пайызға өскен), 8663 адам көшіп келген (38 пайызға өскен).