Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

14 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларында орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Американдық генерал: КХДР-ға қарсы күш қолдана аламыз, бірақ дипломатияны ұстану қажет

Вашингтон КХДР-ға қарсы күш қолдануға әлеуетті болса да, дипломатиялық, экономикалық жолмен шектеліп отыр. Бұл туралы жексенбі күні АҚШ Қарулы күштерінің штаб басшылары комитетінің төрағасы, генерал Джозеф Данфорд мәлімдеді.

- Егер дипломатиялық және экономикалық қысым өз нәтижесін бермесе, президентіміздің әскери салада кез келген әрекетке мүмкіндігі барына кепіл беремін, - дейді «Уолл-стрит джорнэл» газеті Оңтүстік Кореядағы Осан әскери базасында болып қайтқан генералдың сөзін жеткізе.

- Біз бірнеше нұсқаларды есепке алудамыз, олардың нәтижесіне де көз жүгіртіп отырамыз, - дейді Данфорд. - Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерстонның алған бағытында бар мүмкіндігімізді қолдану біз үшін маңызды бола түспек.

Пхеньян ракеталық-ядролық бағдарламасын дамыта берген сайын Корей түбегіндегі жағдайлар ушығып келеді. Шілде айында КХДР екі баллистикалық ракетаны сынақтан өткізді. Вашингтон солтүстіккореялық мәселеге қатысты кез-келген, тіпті әскери әрекет те қолданылуы мүмкін екенін ескертуде.


Нацистік сәлемдеме берген АҚШ-тың мас туристі Дрезденде сабап кетті

Немістің Дрезден қаласының орталығында бірнеше рет нацистік сәлем берген американдық мас туристті сабап кетті.

Бұл туралы Associated Press жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Туристің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция хабарлағандай туристің қанынан өте көп мөлшерде алкоголь анықталған.

Неміс заңында көрсетілген нацистік символды насихаттау туралы бап бойынша турист жауапкершілікке тартылады. Американдықты ұрған адам қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды.

5 тамыз күні Берлин полициясы нацистік сәлемдеме берген Қытайдың екі туристің қамауға алған болатын.


Иранда 500-ге жуық адам хлорға уланған

Иранның оңтүстігінде хлордың ағып кетуіне байланысты 500-ге жуық адам уланды. Бұл туралы ирандық мемлекеттік телеарна мәлімдеді.

Хузестан провинциясындағы Десфуль қаласының ауруханасына респираторлық әселемен 475 адам түскен. Олардың 45-і стационарлық бақылауға алынды. Қалғандары үйлеріне қайтарылған.

Алдын ала ақпараттар бойынша, хлор сумен қамтамасыз етумен айналысқан компанияның тастанды қоймасынан тараған.


Антарктида мұз құрсауынан 90-нан астам жанартау анықталды

Эдинбург университетінің ғалымдары Антарктида мұз құрсауынан 91 жанартау анықтады, деп хабарлайды Лента.ру.

100 метрден 4 мың метр биіктікке дейінгі жанартаулар материкатің батыс бөлігінде екі шақырым тереңдікте жатыр. Осыған дейін ғалымдар бұл континенттен 47 жанартау анықтаған болатын.

Мамандар олардың белсенділігі мен атқылауы туралы ақпараттар жинамақ. Геологтардың пайымдауынша, олардың бірі оянса Антарктида мұздарының теңізге шығу қарқыны артпақ.

Вулканы высотой от 100 до почти четырех тысяч метров, покрыты двухкилометровым слоем льда, расположены в западной части материка. Ранее ученые знали о существовании на континенте 47 вулканов.

11 сәуірде Ковентри университетінің географы Мэттью Блэкетт Жер шарындағы ең қауіпті 5 жанартауды атаған болатын. Олардың жарылуы мыңдаған адамның қазасына себепші болуы мүмкін.


Леонардо Ди Каприо Леонардо да Винчи рөлін сомдайды

Оскарға ие актер үшін бұл рөл айтарлықтай лауықты деуге болады. Ди Каприоның шешесі баласына итальяндық суретшінің жұмысына қарай отырып ат қойған деген аңыз бар.

Леонардо Ди Каприо атақты ғалым, суретші және ойшыл Леонардо Да Винчидің өмірбаяны туралы фильмде басты рөлді сомдамақ. Deadline порталы хабарлағандай, Голливуд әртісі тарихи лентаның продюсері де болмақ.

Paramount киностудиясы Уолтер Айзексонның атақты «Леонардо Да Винчи» филмін түсіру құқығына Universal студиясымен өткен ұзақ келіссөзден кейін ие болды.

Ди Каприо өз жұмыстары үшін ондаған миллиондық қаражат алатын болды.

 

Следующая →