Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

10 тамызға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Пхеньянда БҰҰ жаңа санкцияларына қарсы митинг өтті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жуықта Солтүстік Кореяға қатысты жаңа санкциялық қарар шығарды. Осыған байланысты Пхеньянда сәрсенбі күні ондаған мың адам қарсылық митингін ұйымдастырды.

Саяси бюро мүшесі, Корея Еңбек партиясы ОК вице-төрағасы алаңға жиналған адамдарға «АҚШ пен оның одақтастары БҰҰ-ды өз астына салып, санкциялық қарар шығарып отыр» деген мәлімдеме айтты, деп хабарлайды "Ассошиэйтед пресс" ақпараттық агенттігі.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шығарған жаңа қарар КХДР-ға темір, темір кенін, қола, көмір және теңіз азық-түліктерін экспортқа шығаруға тыйым салады.

Пхеньянда бұл санкциялар туралы «егемендікті бұзуды көздейді», «бұл АҚШ-тың Солтсүтік Кореяны оқшаулай отырып, тұншықтырмақ болған әрекеті» деген пікірлер айтылда. КХДР билігі «әділетті жауап қайтаратындарын» айтса да, нақты ештеңе ұсынбады.

Сәрсенбі күні Кореяның Орталық телеграф агенттігі Солтүстік Корея АҚШ-тың Гуам аралындағы әскери базаларына ракета соққысын беру туралы жоспарды қарауда деп хабарлаған.


Пентагон басшысы Солтүстік Кореяға халықың қырылатынын ескертті

Пентагон басшысы Джеймс Мэттистің айтуынша Солтүстік Корея ядролық әлеуетін өсіруді тоқтатпаса, КХДР «режимі құлайды», «халқы қырылады» дейді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«КХДР өзін оқшаулай бермей, ядролық қаруға қол жеткізу райынан қайту керек. Режим мен елдің құртылуына алып келетін кез-келген әрекеттен бас тартқаны дұрыс», - дейді АҚШ қорғаныс министрі.

Мэттистің бұл сөздері Дональд Трамптың жуықта айтқанына сай келеді. Ел президенті Пхеньянға «әлем көрмеген атыспен» жауап қайтара алатынын мәлімдеген.

Пхеньян бұл сөздердің барлығына бірден жауап қайырды. Солтүстік Корея Тынық мұхитындағы АҚШ әскери базасына ракета соққысын жасайтынын ескертті.


Австралияда әйелдерге арналған сексистік кафе ашылды

Австралиялық Мельбурн қаласындағы жаңа вегандық кафеге кірген еркектер енді есеп сомасына қосымша 18 пайыз төлем жүргізеді, деп хабарлайды Moneyish.com басылымы.

Бұл баға Австралияда 2016 жылы қалыптасқан еркектер мен әйелдердің орташа жалақысындағы айырмашылыққа орай бекітілген.

«Әйелдер үшін» жасалған кафеде орынды әйелдер таңдайтыны туралы ереже бар.

Австралияда жыныстық белгі бойынша басымдылық көрсету заңсыз. Кафе иесі Алекс О'Брайеннің айтуынша бүл ережелер тек айына бір рет қана жұмыс істейді. Бұл әрекеттердің барлығы гендерлік теңсіздік мәселесіне қоғамды тарту үшін жасалып отыр.


Кубадағы американдық елшілер «акустикалық шабуылға» ұшырады

Гаванадағы АҚШ елшілігінің бірнеше қызметкері акустикалық құралдардың әсеріне шалдығып, денсаулықтарына зиян келген. Бұл туралы сәрсенбі күні американдық Си-эн-эн телеарнасы хабарлаған.

Мемлекеттік департаменттегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, дипломатиялық миссиядағы екі азаматқа емделу үшін еліне қайтуға тура келген. Дәрігерлердің айтуынша олардың құлақтары естімей қалады. Си-эн-эн болған оқиғаны «акустикалық шабуыл» деп атаған. Оларда деген жауапкершілікті кім артатынын американдықтар нақтылай алар емес.

Телеарнаның мәлімдеуінше, 2016 жыл соңынан бастап елшілік қызметкерлерінде ми шайқалуы белгілері байқала бастаған. АҚШ Мемлекеттік департаменті кубалық билік өкілдеріне бұл жайттарды бірнеше рет ескертіп, Гаванаға дәрігер жолдаған. Ол болған оқиға салдарын анықтай алмаған.

Бұл өте маңызды жағдайлар, - дейді ақпарат көздері. - кубалықтармен байланыс орнатқан едік. Олар ештеңе білмейтіндерін айтады, алайда мұның барлығы қауіп пен қатер тудырады.


Қытайда қауіпсіз түрде кванттық спутниктік ақпараттар жіберілді

Қытайлық «Мо-цзы» спутнигі тарихта ең алғашқы рет Жерге кванттық криптография көмегімен ақпарат жіберілді. Бұл жіберілетін ақпараттарға рұқсатсыз еніп кетуге жол бермейтін мүмкіндік. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

КХР мамандарының айтуынша, кибершабуылдың көмегімен бұзып кіруге болмайтын жаһандық квантты коммуникациялық желінің алғашқы жолы ашылды. «Осылайша ешкім ести алмайтын телефондық әңгімелер, қауіпсіз банктік операциялар жүргізе беруге болады», - дейді Қытай ғылым академиясының мүшесі Пань Цзяньвэй.


Следующая →