Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

9 тамызға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп Солтүстік Кореяға сес көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп өз еліне Солтүстік Кореядан шынайы қауіп төнетін болса, «атыспен жауап беретінін» ескертті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды

- Солтүстік Корея АҚШ-ты қорқытуын доғарсын. Әйтпесе әлем көрмеген ашу мен атысқа тап болады, - дейді Рейтер агенттігі президент сөзін жеткізе отырып.

Осыған дейін Рейтер агенттігі КХДР СІМ басшысы Ли Ен Хоның АҚШ-тан басқа өзге ешкімге қауіп төнбейтінін және егер бұл елге өзгелер қосылып жатса бірге құртатыны туралы сөзін жеткізген. Пхеньян өкілінің айтуынша шілдедегі баллистикалық ракета сынағы АҚШ жетуі де мүмкін.

СІМ басшысы континентаралық ракета қажеттілігі туралы да айтқан болатын. Сол сияқты өз елінің ядролық бағдалама мен баллистикалық ракетаға қатысты келіссөз ешқашан орын алмайтынын ескерткен. 


Қытайдағы жер сілкінісінде екі мың адам болған қонақ үй құлаған

Қытайлық Сычуань провинциясындағы жер сілкінісі кезінде екі мың адам жатқан қонақ үйдің бір бөлігі құлаған. 500 адам көшірілді деп хабарлайды жергілікті өртсөндірушілер. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Цзючжайгоу ұлттық паркінің төңірегіндегі «Тяньтан» қонақүйі қатты сілкіністен құлаған. Құтқарушылар мен өртсөндірушілер тұрғындарды тұраққа алып шыққан. Қонақ үй таулы жерде орналасқандықтан, оған баратын жол тасты қирандылардың астында қалған.

Осыған дейін Қытайдағы жер сілкінісінен жүздеген адам қаза тауып, мыңдағаны жарақат алуы мүмкін деген ақпарат түскен. Провинциядағы сейсмологиялық бюро, ұлттық парктегі тас үйінділерінің астында жүздеген туристер жатуы мүмкін деген болжам айтады.

Қазіргі уақытта бес қаза тапқан, 63 жараланған адам мен 24 мың үйдің қирағаны туралы белгілі. 6,5 магнитудалы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19 кезінде Сычуань провинциясының Нгава-Тибеттік-Цян автономды округіндегі Цзючжайгоу уездінде орын алған. Кейін қытайлық сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің магнитудасы 7 болғанын мойындаған. КХР Төрағасы Си Цзиньпин адамдарды құтқару үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тапсырма берді.


Жапонияда Нагасаки құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды

Сәрсенбі күні Нагасаки қаласының Әлем саябағында американдық атом бомбалаушылары құрбандарының 72 жылдығына арналған мемориялды салтанат бір минуттық үнсіздікпен басталады. Дәстүр бойынша ол жергілікті уақыт бойыша 11:02 кезінде басталды. Дәл осы уақытта 1945 жылы 9 тамыз күні американдық атом бомбасы қалаға түскен.

Осыдан кейні Нагасаки мэрі Томихиса Тауэ толықтау ядролық қарусыздану туралы Бейбітшілік декларациясын оқиды. Осыдан кейін ел премьер-министрі Синдзо Абэ елге жолдауын оқиды. Іс шараға 60-қа жуық ел өкілдері, Ресей, Ұлыбритания, Франция және АҚШ дипломаттары қатысады.

Бүгінгі таңда Нагасаки бомбалауынан қаза тапқандар саны 175 743 адам. Ағымдағы жылы бұл тізімге 3,5 мың жаңа есім қосылды. Олар соққы барысында өлімдері нақтыланбаған адамдар. Сонымен қатар, бомба зардабын тартқан адамдар да бұл тізімге қосылады.


Израиль Газа секторын бомбалады

ХАМАС қозғалысының жауынгерлері еврей мемлекетінің төңірегін бомбалағаннан кейін сәрсенбіге қараған түні Изаиль ӘӘК жауап қайтарды. Бұл туралы елдің әскери күші «Твиттер» арқылы хабарлады.

«Жауапты әрекет ретінде Израиль қорғаныс Армиясының ӘӘК Газа секторында орналасқан екі ХАМАС бекетін жойды» дейді хабарландыруда. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Сейсенбі күні Израильдің оңтүстік батысында орналасқан Ашкелон қаласы ракеталық атысқа ұшырады. Газа секторынан ұшқан ракета қалаға жақын маңда құлаған. Зардап шеккендер жоқ.


Қытайдағы жер сілкінісінен пандалар аман қалды

Жануарлардың табиғи отаны саналатын Сычуань провинциясындағы 7,0 магнитудалы жер сілкінісінен бірде бір панда зардап шеккен жоқ. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлайды.

Қазір қаза тапқан адамдар саны 12, зардап шеккендер 170-ке жеткен. Апат орнынан 30 мыңнан астам турист көшірілді. Іздеу-құтқару шаралары жалғасуда. Синьцзян-Ұйғыр автономиясы ауданында 6,6 магнитудалы жер сілкінісі қайталанды. Бұл жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Следующая →