Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

4 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

                           Каракаста испан елшілігіне шабуыл жасалды

     Венесуэла бас прокуратурасы белгісіз адамдармен Испания елшілігіне шабуыл жасалғанын хабарлады, дейді РИА «Новости».                                                                       Шабуыл бейсенбі күні орын алған. Екі қаскүнем елшілік мекемесіне мотоциклмен келіп жанғыш май құйылған бөтелке лақтырып іздерін суытқан.                                          Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Бас прокуратура тергеу амалдарын бастап кетті.


                                     Forbes қаламақысы ең жоғары жазушыны атады

Бірінші орындағы Джоан Роулинг «Гарри Поттер және қарғыс атқан бала» кітабын, «Фантастикалық құбыржықтар мен олардың мекені» фильмін шығарғаны үшін 2017 жылы 95 миллион доллар алған.
Forbes журналының дерегінше, екінші оранда детективтер мен триллер жазатын 70 Джеймс Паттерсон мен «Әлсіздің күнделігі» бестселлерінің авторы Джефф Кинни аталған.
2017 жылы Паттерсон – 87 млн, Кинни – 21 миллион доллар қаламақы алған. Алғашқы ондыққа Дэн Браун (20 млн), Стивен Кинг (15 млн), Джон Гришэм (14 млн), Нора Робертс (14 млн), Пола Хокинс (13 млн), Э.Л. Джеймс (11,5 млн), Даниэла Стил (11 млн) және Рик Риордан (11 млн) кірген.


                   Еуропалық дүкендерден миллиондаған улы жұмыртқалар тәркіленуде

Германия, Нидерланд және Белтгия дүкендері мен қоймаларындағы жұмыртқалардан токсикалық фипронил инсектициді анықталғаннан кейін жаппай тәркілеу басталды, деп жазады Life.
Улы жұмыртқалар ең алдымен Нидерланд және Белгия дүкен сөрелеріне келген. Кейін голландия фермаларынан әкелген 900 мың жұмыртқа неміс дүкендерінен шықты.
Нидерландтың 180 ферма шаруашылығы уақытша жабылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс басталды.
Фипронил тарақандар, биттер мен кенелерді қуалайтын дәрі. Дәрі еті жеуге жарамды жануарларды емдеуге қолданылмайды.


                                          Неймар ПСЖ ойыншысы болды

Француздық «Пари Сен-Жермен» футбол командасы бразилиялық шабуылшы Неймардың өз командасына қосылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Неймар.
« Пари Сен-Жермен командаға бразилиялық шабуылшы Неймардың қосылғанын қуана жариялайды. Келісімшарт бес жылға орнатылды. Енді Неймар астаналық клубта 2022 жылдың 30 маусымына дейін болады», - дейді ПСЖ сайтында.
Осыған дейін Неймар қорғап жүрген «Барселона» командасы бұл келісімшарттан 222 млн еуро ұтыс алғанын мәлімдеген.
«Барселона» командасы Неймардың қалуын сұраған, бірақ спортшының шешіміне бұл әсер етпеді. Ал каталондық клуб футболшының кетпеуіне бар күшін салған.
Неймар бразилиялық «Сантостан» «Барселонаға» 2013 жылы өтті. «Барселона» командасында жүріп Испанияның екі дүркін чемпионы, Испания Кубогының үш мәрте иегері атанып, Чемпионаттар лигасын, Уефа Суперкубогын, клубтық әлем чемпионы, Испания Суперкубогына ие болған.


                    Қаланы көгалдандыруға жалданған ешкі жұмыстан қашып кетті

Американдық Род-Айленд штатының полициясы мүйізді жануарлы іздеуге салды. Ешкі аббаттандыру шекарасынан қашып кетті, деп хабарлайды UPI агенттігі.
Оқиға жуықта орын алды. Ешкі Уорик қаласындағы шөптерді жеп, «ландшафт» жұмысының бірқалыптылығын сақтауға жауапты болды.
Жергілікті полиция хабарлағандай, ол ешкіні жалдау үшін ақша төленеді.
- Бұл сән йога мен коньку тебудің орнына келді, - дейді тәртіп сақшылары.
Ешкі жұмысқа шығарылған күні қашып кеткне. Полиция іздеу жұмыстарын жүргізуде. Жарияланған іздестіру парағында ешкінің «Сэмми» немесе «Фрэнк» деген есімдерге назар аударатыны жазылған.
Айта кету керек, жануарлар әлемде әртүрлі жұмысқа пайдаланылады. Мысалы Аляскала Стаббс есімдік мысық 20 жыл қатарынан қала басшылығында қызмет еткен. 

Следующая →