Конгресс ракета туралы Ресеймен келісімді қайтарып алмақ
АҚШ Конгрессі Рейган-Горбачев келісімін айналып өту үшін, Пентагонға ракета өндіру құқығын ұсынбақ
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, заңнамалық органның екі палатасында жүріп жатқан әңгіме төркіні ядролық оқтұмсығы жоқ ракета құрастыруды қайта жандандыру төңірегінде. Себебі Кремль келісімді бұзғандықтан АҚШ-қа ұстаушы күш керек болады.
Сыншылар екі елдің арасындағы қарым-қатынас шытынап тұрған сәтте бұл әрекет ядролық тайталас қауіпінің деңгейін күшейтіп жіберуі мүмкін дейді.
Ақ үйде бұл сұрақтарды үлкен ынтамен талқылауда деуге келмейді. Себебі, Ресейге қысымды күшейту үшін бұл сұрақтар әкімшіліктің «интеграцияланған дипломатиялық стратегиясын, әскери және экономикалық жауап» қайтару әрекетіне қайшы келеді.