Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

3 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Юнкер ЕО компанияларын АҚШ санкцияларынан қоғауға уәде берді

Егер АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларынан еуропа компанияларының мүддесы қысым көретін болса, Еуроодақ лайықты шараларға жүгіне алады, деп мәлімдейді Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клода Юнкер.

- Құрама Штаттардың алдында өз мүддемізді қорғауымыз керек және қорғаймыз, - дейді құжатта.

Еурокомиссия төрағасының айтуынша, ЕО Вашингтонға қарсы шаралар қолдануға дайын болады.

- Италиядағы G7 саммитінде, Гамбургтегі G20 саммитінде американдықтар аталған қадамға (Еуропаға қатысы бар, Ресейге қарсы санкцияларға) баратын болса, жауапты шараларға жүгінетініміз туралы айтқанмын, - дейді Юнкер.

«ЕО өзінің алаңдаушылығын білдірген соң, заң жобасының жеңілдетілгені» үшін өзінің қанағаттанатынын да жеткізеді.

Еурокомиссия басшысының айтуынша, АҚШ өзінің шектеу шараларын серіктестерімен ақылдасып барып жүзеге асыруы керек.

- Бұл санкциялар одақтарымен талқыланған соң қабылдануы керек. Біз АҚШ серіктесі екенімізге бола айтып отырмын, - дейді Юнкер.

Мемлекеттік департамент американдықтарға КХДР еліне баруға тыйым салды

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2017 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін американдықтарға Солтүстік Корея шекарасынан кетуге міндеттеді.

- АҚШ жеке куәлігімен Солтүстік Корея төңірегінде жүрген адамдар 2017 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енетін сапарға шығуға шектеу қойылғанға дейін ел төңірегінен кетуге тиіс, - дейді мекеме хабарландыруында.

Енді КХДР-ға сапар барысында немесе бұл ел арқылы өтетін транзитке АҚШ куәлігі жұмыс істемейді. Тыйым бір жылға дейін жалғасады.

Аталғандай, енді бұл елге журналистер мен гумманитарлық ұйым қызметкерлері, АҚШ «ұлттық қауіпсіздігінің мүддесі» үшін баратындар ғана кіре алады.

АҚШ Сирия бойынша Ресеймен жұмысын жалғастырады

Мемлекеттік департамент өкілі Сириядағы саяси ахуалды реттеп, «Ислам мемлекетін» жеңу үшін АҚШ-тың Ресеймен жұмысы жалғасатынын хабарлады.

АҚШ жариялаған жаңа санкциялар Ресей-американ қарым-қатынасын қайта ушықтырды. Енді жуықта екі елдің сыртқы саясат мекеме өкілдері Сергей Лавров пен Рекс Тиллерстон Манилада кездесу ұйымдастырады.

- АҚШ Сириядағы зорлықты жоюға алып келетін, гуманитарлы көмек қамтамасыз етуге арқау болатын және ИМ-мен күресуге, саясаи ахуалды реттеуге алып келетін кез-келген мүмкіндікті қолдауға дайын, - дейді агенттік өкілі.

Мемлекеттік департаментте «ИМ-ін жеңу үшін Ресеймен және өзге серіктестерімізбен жұмысымызды жалғастыра береміз» дейді.

Кремль АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап қайтармайды

АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа санкция туралы заңға қол қоюы ештеңе өзгертпейді, себебі ерте ме, кеш пе құжат жасалатын еді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

- Бұл біз үшін жаңалық емес. Заң жобасы қабылданды және қол қойылсын, қойылмасын заңға автоматты түрде айналар еді.

Жауапты шаралар туралы айта келе баспасөз хатшысы оның «қабылданып қойғанын» айтты,

Өз кезегінде БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Ресейді санкциямен «сындыра» алмайтындарын айтты.

Linkin Park альбомдары АҚШ-тағы ең үлкен сатылымға ие болды

Linkin Park-тің соңғы аптада шыққан альбомы апта ішінде ең үлкен сатылымға ие болды. Бұл статистиканы Billboard журналы атады.

Рок-топтың жетінші One More Light (2017) пластинкасы 17 орыннан 4-ші орынға бірден көтерілді. Статистика бойынша One More Light 76 пайызға өскен.

Ұжымның бірінші Hybrid Theory пластинкасы сегізінші орында. Оның сатылымы 141 пайызға өскен.

Соңғы альбом топтың фронтмені Честер Беннингтонның өлімінен кейін сатылымы ең жоғары ондықтың қатарынан көрінген.

 

Следующая →