Путин Ресейден 700-ден астам американдық дипломатты қуып шықпақ
Ресей президенті екі елдің арасындағы қарым-қатынастың жуықта жақсара қоймайтынын айтады
- Мыңнан астам қызметкерлер - дипломаттар, техникалық қызметкерлер осы күнге дейін Ресейде жұмыс істеп келеді. 755 адам өз қызметін тоқтады, - деді ол Россия-1 арнасына берген сұхбатта.
Путин мұның «әсерлі» болатынын ескертті.
- Біз жағдайдың жақсы жаққа өзгеретінін ұзақ күттік, үміт арта келдік. Болған жағдайларға қарай отырып, әлі ерте екені түсінікті, - деді Путин.
Өткен аптада АҚШ Конгресі Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қолдады. Путин оны «арсыздық пен дөрекілік» деп бағалап, Құрама Штаттар өз геосаяси ықпалын пайдалануда деген пікір айтты.