Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бесқарағайда «Әлем Барысына» іріктеу өтті

Бесқарағайда түйе палуандар арасында қазақ күресінен «Әлем барысы» Халықаралық турниріне іріктеу өтті

Мұндай іріктеу аудан тарихында да, ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Кеңес кезінде тек ел спартакиадасы деңгейінде ғана өткізілетін қазақ күресін қазіргі таңда әлемдік сайыс деңгейіне көтеру ісі халықтың басты мақсаты болып отыр. 2011 жылдан бері талай жұрттың қанын қыздырып, делебесін қоздырған «Қазақстан Барысы», 2013 жылдан бері «Еуразия Барысы» өткізіліп келеді. Ал 2014 жылы тұңғыш рет «Әлем Барысы» өткен болатын. Содан бері, міне, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуіне орай әлемге ұлттық дәстүрімізді таныту мақсатында «Әлем Барысы» Халықаралық чемпионаты екінші рет өз жалауын көтергелі отыр.

Әлемдік турнир іріктеуіне республиканың 10 облысы мен 2 қаласынан 40-тан астам нар балуан қатысты. Оның ішінде алтауы - Шығыс өлкесінің балуандары.

- Шығыс өңірін балуандардың мекені десек болады. Жеті рет өткізілген «Қазақстан Барысында» шығысқазақстандық балуандар екі рет жеңімпаз атанып, төрт рет жүлдеге ие болған. Яғни, алты белбеудің иесі де Шығыстан шыққан. «Әлем Барысында» күміс белбеуді Айбек Нұғымаров еншіледі. Жыл сайын Абай ауданында қазақ күресінен Манарбек Таутанов атындағы ел кубогі сарапқа салынса, биыл Тарбағатайда ІІІ Әлем кубогі өткізілді. Бүгін Бесқарағайда әлемдік турнирге іріктеу сайысын тамашалап отырмыз. Салмағы 90 келіден асатын түйе палуандар күш сынасып жатыр, - дейді қазақ күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Жеңіс Биткөзов.

Қазақстан чемпионатын өткізуге Бесқарағай ауданы басшылары өздері Қазақ күресі Федерациясына ұсыныс жасаған, ал аудан кәсіпкерлері бұған қолдау көрсеткен.

- Іріктеу сайысын өткізуді жылдың басында мақұлдағанбыз. Қазақтың қанына біткен ұлттық спортын жастарымызға көрсетіп, дәріптеуіміз қажет. Рухани жаңғыру дегеніміз көнеден келе жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту емес пе?! Жастарымыз «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысына» қатысқан балуандардың табан ізін басып, өнерін көрсін дедік. Ал аудан кәсіпкерлері туған жердің игілігі үшін ат салысып, қолдау көрсетті. Бұл біз үшін зор мәртебе! - деді Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Еренұлы.

Қаржылай қолдау білдіргендердің ішінде Хабидолла Мукинов есімді кәсіпкер азамат Ерназар ауылында қазақ күресі сыныбын ашқан екен.

- Ауылымыз Ресеймен шекараласады. Сырт көз сыншы ғой. Көршіміз бізге қарап, еліміз жайында ой түйеді. Сондықтан көршілерімізге үлгі болу үшін, қазақтың ата салтын көрсету үшін ауылда қазақ күресінен мектеп аштым. Балаларға екі уақыт тамақ тегін беріледі. Жаттықтырушы - ауылдың адамы, - дейді Хабидолла Мукинов.

Белдесуге Мұхит Тұрсынов, Руслан Әбдіразақов, Айбат Сейтен, Бекзат Ахметбеков, Нұрдәулет Жарылғапов сынды танымал балуандар қатысты. Ең жоғарғы салмақ 140 келі (Нұрсұлтан Мыңғышов, ОҚО) болса, ең кішісі - 95 келі (Бекзат Ахметбеков, Қарағанды облысы).

Жартылай финалда Айбат Сейтен (Астана) мен Бекзат Ахметбеков белдесіп, Айбат балуан таза жеңіспен финалға өтті. Мұхит батырымыз алматылық Руслан Әбдіразақовпен кездесіп, белдесуді таза жеңіспен аяқтады. Ал ақтық белдесуде Мұхит Тұрсынов (102 кг) бұған дейін бірнеше рет кездескен Айбат Сейтеннен (115 кг) есе қайтарып, жамбас ұпайымен жеңіп кетті.

Нәтижесінде Мұхит Тұрсынов Қазақстан Республикасының Абсолютті чепмионатының жеңімпазы атанса, Айбат Сейтен күміс жүлдегері атанды. Ал үшінші орынды маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов пен Руслан Әдіразақов бөлісіп алды.

«Әлем Барысы» Астана қаласында 7-9 қыркүйек аралығында өтпек. Байрақты бәсекеге әлемнің 52 елінен спортшылар қатыспақ. Ал біздің елімізден 4 палуан қатысатын болады. 

Следующая →