Американың әуежайларында электронды құрылғылардың тексерісі күшейтілді
АҚШ әуежайларында лаңкестік қауіптің салдарынан ұялы телефонның көлеміндей болатын электронды құрылғыларды тексеру ережелері күшейеді
АҚШ Көлік қауіпсіздігі қызметі ноутбук, электронды кітаптар мен планшеттерді жүк пен қол жүгінен бөлек тексеруді қажет ететін бұйрықтың біртіндеп енгізілетіндігін мәлімдеді.
TSA басшысының м.а. Хьюбен Говадидің айтуынша, жаңа ережелер барлық ішкі және сыртқы рейстерге қатысты. Мекеме бүған дейін бұл үрдісті АҚШ-тың 10 әуежайында сынамадан өткізген.
Следующая →