Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

27 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп трансгендерлерге АҚШ әскерінде қызмет етуге тыйым салды

Трансгендерлер АҚШ қарулы күштерінде қызмет етпейтін болады. Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп «Твиттерден» сәрсенбі күні хабарлады

- Генералдар мен әскери мандарымен өткен кеңестен кейін, АҚШ әкімшілігі трансгендерлерді американдық әскери қызметтің ешбіріне қабылданбайтынын ескеріңіздер, деп жазады өз микроблогында.

- Біздің әскерилер шешімді де, басымды жеңіске бағытталуы керек. Сондықтан әскери күштегі трансгендерлерге қажетті медициналық шығындарды арқалау мүмкін емес. Рахмет, - дейді Д. Трамп.

АҚШ әкімшілігін Барак Обама басқарғанда, Пентагон трансгендерлерге салынған тыйымды алып тастаған болатын. Алайда Д.Трамп трансгендер сұрағына мүлдем қайшы пікір айтып келген.


Мексикадағы епископтар конференциясындағы жарылысқа феминистер жауапкершілік алды

Сейсенбі күні Мексикадағы католиктік епископтар конференциясының жанында күштілігі төмен жарылғыш затты феминистер орнатқан. Жауапкершілікті «Авторитаризмге қарсы іс-қимыл бойынша формалды емес феминистік басшылық» алды. Бұл туралы сәрсенбі күні ғаламтор сайттардың бірінде белгілі болды.

Аталғандай, жарылыс «Құдай үшін болған әр зорлық пен өлім» үшін, «дін қызметкерінен зардап шеккен әр бала» үшін ұйымдастырылған. Қолдан жасалған жарылғыш заттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жарылыс толқынынан кіреберіс есік қана сынған.

Прокуратура болған оқиғаны тергеуге кірісті. Конференцияда жарылыстан кейін қауіпсіздік шараларының күшейтілетіні айтылды

.

Честер Беннингтонның үйінен есерткі табылмады

Американдық Linkin Park тобының бас әншісі Честер Беннингтонның үйінен тергеушілер есерткі құралын таппады, деп хабарлайды TMZ. Құқыққорғау органдарында сол сияқты рецептілік дәрілердің де болмағанын айтқан.

Бас әншінің өліміне байланысты Солтүстік Америкада жоспарланған турне тоқтатылған еді. Сенбі күні ұжым Честер Беннингтонға арналған сайтты қосты. Онда топ жанкүйерлерінің посттарынан өзге, суицидтің алдын алу қызметі нөмірлері жазылған.

Кейін Linkin Park рок-тобының ресми сайтында вокалшы қайтыс болғаннан бері ең алғашқы жазба пайда болды. Топ мүшелері Беннингтонның ішкі күресі туралы айтады.

- Сені бізден алып кеткен әзәзілдің келісімшарт талабы болғанын өзімізге жиі қайталаймыз. Сайып келгенде, сені бірден сүйсіндірген бұл қырыңды әндеріңде жиі айтатынсың. Сен оларды ашық көрсете білдің, бізді топтастырып, адамгершілігімізді қалыптастырдың. Сенің жүрегің өте үлкен еді, - дейді жазбада.

41 жасар Linkin Park солисі Честер Беннингтон 20 шілде күні өз үйінде өлі табылды. Музыкант жанұясы кетіп қалғанда үйде жалғыз болған. Кейін Коронер Беннингтонның өзіне қол салғанын растады.


Джоли Питтпен айырылысқаннан кейін денсаулығы нашарлап кеткенін айтты

Голливуд әртісі Анджелина Джол күйеуі Брэд Питтпен айырылысқаннан кейін, қатты күйзелістен денсаулығының нашарлағанын айтты. «Вэнити фэйр» журналына берген сұхбатта,жұлдыз гипертонияға, бет жүйкесінің салға ұшырағанын айтады.

- Кейде әйелдер өздері туралы тым кеш ойлайды, бұл артынан денсаулықтарына зиян келтіреді, - дейді ол.

Джолидің айтуынша, бет әлпетінің қабынуынан ине шаншу арқылы емделген. Жұлдыз қазір «өмірі мен денсаулығын бақылауда» ұстап жүргенін айтады.

42 жасар әртіс Питпен өмір сүрген соңғы айларынан да сыр шертеді. Қазір олар айырылысу үрдісінде.

- Бұл өте қиын кезең болды, екеуіміз де ауа жетпегендей әсерде жүрдік, - дейді ол.


Тайландта теңізге мыңнан астам тасбақа жіберілді

Тайланд королі Махи Вачиралонгкорнның туған күніне орай оқушылар мен әскери теңіз қызметкерлері 1066 тасбақаны бостандыққа жіберлі. Бұл монархттың сәттілігі мен ұзақ өміріне тілек ретінде ұйымдастырылған шара.

Шара Чонбури провинциясындағы Саттапи әскери-теңіз базасында өтті. Король Маха Вачиралонгкорнның туған күні 28 шілде күні аталып өтеді. Қазір ол 65 жастар.

Тайландтағы көптеген буддистер жануарлар мен құстарды бостандыққа жіберу жақсы карманы толтырады. Сонымен қатар, Тайландта теңіз тасбақалары ұзақ өмір белгісі болып табылады.



Следующая →