АҚШ Конгрессінің депутаттары ФТБ-дан Трамптың қызын тексеруді сұрады
Американдық конгресстегі демократтар тобы ФТР-ға Дональд Трамптың қызын тексеру туралы өтініш білдірген
Федералды тергеу бюросына бағытталған хат конгресс сайтында жарияланған. Авторлардың ескертуінше, Иванка Трамп АҚШ президентінің кеңесшісі бола тұрып, құпия ақпараттар алатын әлеуеті бар. Осылайша, оның барлық шетел тұлғаларымен кездесуі туралы жариялап отыру керектігіне, демократтар сенімді. Құрама Штаттардың демократиялық партия өкілдері Иванка Трамп күйеуінің «ресей билігі» өкілдерімен кездесуін қасақана ескертпей отыр деп есептейді. Мысал ретінде 100-ден астам кездесу мен телефон хабары көрсетілген күйеуінің толтырған формасы алынып отыр. ФТБ-ға жазылған хатқа 22 демократиялық партия мүшесі қол қойған.
Егер тергеу барысында АҚШ президентінің қызы шетел өкілдерімен кездесулер, байланыстар туралы ақпараттарды жасырғаны анықталса бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағылуы мүмкін.