Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +4°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +18°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Түркістан
    +22°
  • Орал
    +5°
  • Шымкент
    +21°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Қырғызстан президенті латын әліпбиіне көшу бұрынғы КСРО халықтарын алыстатады деген пікірде

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың ойынша латын әліпбиіне көшу бұрын КСРО құрамында болған түркі тектес халықтарды біріктірмейді

- Біртіндеп латын әліпбиіне көшу елдерді біріктірмейді, керісінше арасын ажырата түспек, - деп мәлімдеді мемлекете басшысы.

Оның айтуынша, 1930 жылдары Түркістан халықтары арабтан латын әліпбиіне көшті, ал кейін бірден кириллицаға ауысқанда халық өзінің жазба әдебиеті мен тарихынан айырылды. Яғни, ата-бабасы араб және латын тілдерінде қалдырған жазбаларды оқи алмайтын дәрежеге жетті.

Қырғызстан президентінің ойынша КСРО құлағаннан кейін тарих қайта қайталанады, бірақ керісінше: Әзербайжан, Түркменстан елдері латын әліпбиіне ауысып қойған болса, Өзбекстан енді ауысады, ал Қазақстан жақында ғана бұндай шешімге келді.

- Біз татар, башқұрт, айлтайлықтар, хакас сынды ұлттарды ұмыт қалдырдық. Олар әрі қарай да кириллицаны қолдана бермек. Ал біз бірлесе отырып, өзімізге ортақ ата-баба тілін қайта жандандырып, байыта түсер едік. Олар бәрінен бұрын біздің қолдауымызға зәру, - деді Атамбаев.



Следующая →