Араб елдері Катарға қойған талаптарын жеңілдетеді
Сауд Арабиясының бастамасымен Катарға бойкот жариялаған төрт араб елдері шілдеде ұсынылған 13 ультиматумды орындасын теген талапты енді қоймайды
Сауд Арабиясы, Бахрейн және Египет дипломаттары алты жалпы принципке қанағаттануға дайын.
Олардың ішінде терроризм және экстремизммен күресуде бірге болу, сонымен қатар және азғыру және арандату актілері кіреді. Террористерге қандай да бір қолдау көрсеткенін жоққа шығарып отырған Катар бұл мәлімдемеге ешқандай пікір білдірмей отыр. БҰҰ брифингінде журналистердің алдында сөз сөйлеген төрт жетекші араб мемлекеттерінің дипломаттары қайшылықтың бейбіт шешілуін қалайтындарын жеткізді.
Сауд Арабиясының елшісі Абдулла аль-Муалими хабарлағандай, 5 шілдеде Каирде өткен кездесу барысында төрттіктің сыртқы істер министрлері «Катар үшін әлдеқайда ұтымды болатын» алты негізгі принципті құрған.
New York Times хабарлағандай, бұл принциптер терроризм және экстремизммен күресті, террористік ұйымдарға қаржылай қолдау көрсетуден және оларды жасырудан, зұлымдыққа, зорлық-зомбылыққа арандатудан бас тартуды, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпаушылықты көздейді.
Бұл ұсыныстар бойынша, Муалимидің айтуынша, шегеру болмайды. Бірақ өз кезегінде, ол айтып өткендей, екі жақ олардың жүзеге асу жолдарын талқылай алады.