АҚШ Иранға қарсы жаңа санкция енгізді
АҚШ билігі баллистикалық ракета бағдарламасы мен өзге заңсыз әрекеттері үшін Иранға деген санкцияларын кеңейтті
Тізім 18 деңгейге кеңейтілді. Онда физикалық та, заңды тұлғалар да кіреді. Олардың 16-сы заңсыз иран әрекеттерін және трансұлттық қылмыстық әрекетті қолдағаны үшін санкцияға ілінді. Тағы екі адам баллистикалық ракета жасау бағдарламасына қатысқаны үшін түсті.
Мұнымен қоса АҚШ тыңшылыққа айыпталып, қамауға алынған американдықтарды босатуды қайтадан талап етті.
Иранда АҚШ санкциялық тізімінің кеңейтілгені бірден сынға ұшырады. Ирандық СІМ хабарлағандай, «Бұл АҚШ-тың түкке тұрмайтын актісі».
Мәлімдемеде айтылғандай, Тегеран жауап ретінде «иран халқы мен өңірдегі өзге мұсылман халықтарына қарсы әрекетке барған американ халқына және мекемелеріне» жаңа санкциялар қолданады.