Холокосттың орын алуына Венгрия да кінәлі – Венгрия премьер-министрі
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан фашистермен болған серіктестіктің соңы үлкен қылмысқа әкелгендігін айтты
Виктор Орбан еврейлер геноцидіне Венгрияның да қатысы бар екендігін мойындады. Бұл жайында ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен болған кездесуде айтты. Ол Миклоша Хорти бастаған Венгрия үкіметімен Екінші дүниежүзілік соғыста нацистік режиммен серіктес болғандығын үлкен қылмыс деп жариялады.
Холокост жылдары Венгриядағы 550 мың еврейдің көзі жойылған. Бұл Еуропадағы еврей қауымының 70 пайызын құраған екен.
Сонымен қатар, Венгрия премьері кезедсу барысында антисемитизм көзқарасына мүлдем қарсы екендігін білдірді. Еврей халқының ел болып, мемлекет құрғанына қуанышты екендігін жеткізді.
Нетаньяху болса, Венгриялық әріптесінің көзқарасына дән риза екендігін әрі халықаралық аренада Израиль елін қолдағаны үшін алғыс айтты. Венгрия басшысының 1989 жылы коммунистік режім құлағаннан бері Израильге жасалған сапары болатын.