Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

18 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп Венесуэла басшысына санкциямен сес көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла жетекшісі Николас Мадуро 30 шілде күні құрылтай жиналысын шақыратын болса Штаттардың «шешімді экономикалық әрекеттер» қабылдайтынын айтты.

- Кеше Венесуэла халқы демократия, еркіндік пен заңның ұлықтылығын жақтайтынын тағы көрсетті. Алайда олардың мықты да ер әрекеттері диктатор болғысы келетін жаман жетекшімен мүлден еленбей қалды, - дейді Трамп.

Ол «егер Мадуро режимі 30 шілде күні құрылтай жиналысын шақыратын болса, АҚШ шешімді және жылдам экономикалық әрекеттер қабылдайтынын» атап өтті.

Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік департаменті де Венесуэла билігіне Ұлттық ассамблеяны өткізуден бас тартуға шақырды.


Ақ үй Сирияда Иранның әлеуетінің нығаюына қарсы

Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсердің айтуынша, бейбітшілікке келу барысында Сирияның оңтүстігінде Иранның бекініп ала алмауына, АҚШ пен Израиль қызығушылық тудырып отыр.

- Сирияда әскери тұрғыдан Иранның бекініп алмауына, АҚШ пен Израиль айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр, - деді Спайсер. Ол бұл сөзімен республикадағы атысты тоқтату туралы американ-ресейлік келісімге қарсы шыққан израильдік премьер Беньямин Нетаньяхудің сөзіне пікір білдірген болатын.

Мұнымен қоса Ақ үй спикері Сириядан «жемісті бейбітшілік» көргісі келетін ниетін білдірді. Оның айтуынша, «премьер-министрмен оның қорқынышы туралы әңгімелесуді жалғастыра беру керек».


Мэй көрсеткіші ең төмен деңгейде

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің деңгейі өз кезегінде ең төмен деңгейге жетті. Opinium сауалнамасының қорытындысы осындай.

Зерттеу амалдары көрсеткендей, Мэйдің деңгейі либористер жетекшісі Джереми Корбминнің өсіп келе жатқан танымалдылығы аясында төмендеген. Осылайша, Мэй жұмысын британдықтардың 30 пайыщы қолдаса, 51 пайызы қолдамайды. Дәл осындай көрсеткіштер Корбинде 41 және 37 пайызды көрсетеді.

Алайда сауалнама нәтижесі бойынша, тұрғындардың 36 пайызы әлі Мэйдің премьер-министр қызметіне лайықты екенін айтады, ал Корбинді бұл ролбде тек 33 пайызы қолдайды.


Египетте екі полициялық бронды машиналар жарылды, құрбандар бар

Солтүстік Синай провинциясының астанасы болып табылатын Ариш қаласында кетіп бара жатқан бронды машинада болған полиция қызметкерлері жол бойындағы минаның жарылуынан қаза тапқан. Құқыққорғау органдарының тағы үш қызметкері зардап шеккен.

Оқиға орнына келген тағы бір көлік жарылысқа ұшырап, нәтижесінде тағы үш тәртіп сақшысы жарақаттанған.

Алдын ала деректер бойынша, екі жарылғыш құралдар дистанционды түрде іске қосылған.


Польша президенті кеңес ескерткіштерін көшіру туралы заңға қол қойды

Польша президенті Анджей Дуда коммунистік ескерткіштерді көшіру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды президент әкімшілігі. «2017 жылдың 17 шілдесінде Польша президенті 22 маусымдағы қоғамдық қолданыс мекемелері мен нысандардың атауларындағы коммунизмді немесе өзге тоталитарлы құрылымды насихаттауға тыйым туралы заңға өзгерістер енгі заңына қол қойды», - дейді хабарландыруда.

Жаңартылған заңда ескерткіштер мен соған ұқсас өзге де нысандар «коммунизм мен өзге же тоталитарлы құрылымды белгілейтін тұлғаларға, ұйымдарға, оқиғалар мен күндерге құрмет бере алмайтыны» туралы жазылған.

Өз кезегінде бұл нысандарға зиратта немес өзге де көму орындарында орналасқан ескерткіштер, сол сияқты қоғамның көз алдында орналаспаған немесе ғылыми негізде елдің назарындағы, өнер туындысы ретіндегі, архитектуралы ескерткіштері ретінде танылған дүниелер кірмейді.

Бұл санатқа кіретін ескерткіштер заңның күшіне енгеннен кейін бір жыл өте қайта жөндеуде өткізеді. Польша төңірегінде осыған ұқсас 50 нысанның бар екені айтылады.


Следующая →