17 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Доминиканада мыңдаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсылық білдіріп көшеге шықты
Жексебі күні Доминикана Республикасының астанасы Санто-Доминго қаласында мыңдаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсылық білдіріп көшеге шықты. Бұл туралы «Листин Диарио» газеті хабарлайды.
Акцияға қатысушылардың басты талабы – бразилиялық Odebrecht ("Одебрехт") құрылыс компаниясының шатағына қатысы бар шенеуніктер жазасы. Сонымен қатар, қарсылық көрсетушілер бұл компаниямен барлық келісімшарттарды бұзып, Доминикано Республикасының қазіргі президенті Данило Медина мен мемлекет басшылығында бұрын отырған – Леонель Фернандес пен Иполито Мехияның сыбйлас жемқорлық шатағы қатысы болуы мүмкін деген тергеу жүргізу үшіг тәуелсіз комиссия құруды талап етуде.
Қарсылық акциясы «Жасыл марш» қозғалысымен ұйымдастырылып отыр. Ол былтырғы жылдың желтоқсанында АҚШ Әділет министрлігі Odebrecht 2001-2016 жылдар аралығында 12 елдегі сыбайлас жемқорлыққа 788 млн доллар жұмсағаны туралы жариялаған кезде пайда болған.Бразилиялық компания, инфрақұрылым нысандарының құрылысы үшін келісімшарт алуға доминикана шенеуніктеріне 92 млн доллар төлегенін мойындаған еді.
Санто-Домингодағы қарсылық оқиғасыз өтті. Бұл марш алтыншы және ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері адамдар ең көп қатысқандардың бірі. Мұнда тең астана тұрғындары емес, өзге қалалардан да келіп қатысқандар болды. Сонымен қатар Доминикана Республикасынан шыққандар АҚШ, Канада, Испания, ФГР, Италия, Франция және өзге елдерде шеруге шыққан. Қарсыласушылар сыбайлас жемқорлық пен жазасыздықтан тәуелсіз елде өмір сүретіндеріне үміт белгісі ретінде тегіс жасыл киінген.
Odebrecht ("Одебрехт") шатағы аясындағы тергеу жұмыстары кезінде мамыр айының соңында Доминикана Республикасында 14 саясаткерге және кәсіпкерге, сонымен қатар өнеркәсіп және сауда министрі Темистоклес Монтасқа айып тағылған болатын. Маусым айында олардың сегізі алдын ала қамауға жіберілді.
Ирак ИШИМ жетекшісі Абу Бакра аль-Багдадидің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды
Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы Ирак ІІМ барлау және контртеррорлық операциялар қызметінің басшысы Абу аль-Басриге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Оның айтуынша, аль-Багдади Сирия төңірегінде, алайда Ракка қаласынан шығып кеткен көрінеді.
Ирак барлаушылары террористер жетекшісі мен оның жақтастарын аңдуда.
Трамп өзінің төмен деңгейін көрсеткен сауалнамаға күмәнмен қарады
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы қызметіндегі оның әрекетін американдықтардың 36 пайызы ғана қолдайтынын көрсеткен әлеуметтік сауалнамаға күмәнмен қарады.
ABC және Washington Post сауалнамалары сайлау кампаниясы кезіндегі ең қате болған шығар. Алайда бүгінгі жағдаймен 40 пайыз деген айтарлықтай жаман емес, - дейді Трамп Твиттерде.
Жапония қаруландыруға дыбыстан жылдам кемеге қарсы ракеталар орнатады
Жапония үкіметі 2018 жылғы қаржылық бюджетке жапония шығарған дыбыстан жылдам кемелерге қарсы ракеталарды салмақ. Бұл туралы «Иомиури» газеті дүйсенбі күні хабарлады.
Оның ақпаратынша ол қарумен F-2 ("Эф-2") жойғыш ұшақтарын қамтамасыз ететін болады. Бұл шаралар Қытайдың Оңтүстік-Қытай теңізіндегі белсенділігіне байланысты қабылданып отыр.
Конгода кеменің құлауынан 27 адам қаза тапты
Демократиялық Конго Республикасындағы Касаи өзенінде кит соятын кеменің құлауынан 27 адамға дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.
Тағы 54 адам іс түссіз жоғалып кеткен.
Оқиға Идиофа қаласының маңында орын алған. Қалалық әкімшілік мүшесі Жак Мбиланың айтуынша, кеменің аударылуына экипаждың алкогольді ішімдік пайдаланып, артық жүк тиелуіне байланысты болған.
Иисусқа салынған зәулім үй 6 миллион долларға сатылып кетті
1928 жылы «Тірі Христос» қоғамдығының мүшелері 1300 м2 алаңда үй құрылысын бастаған болатын. Құрылыс нысаны тек Иисусқа арналып жүрді. Биыл ол 6,25 миллион долларға жаңа иесіне сатылып кетті.
Діни қауымдастық өкілдерінің айтуынша, христиан жазбалар болжағандай ол Жерге қайтып келген кезде, және Нью-Йоркке келген сәтте барлық ыңғайы қамтамасыз етілген жерді осы жерден табады. Үйде жеті жатын бөлме, дайындық залы, сумассажды ванна мен алты камин бар.