Ким Чен Ын континентаралық ракета шығарушыларды марапаттады
КХДР-де өткен «Хвасон-14» континентаралық баллистикалық ракетаның сәтті сынағы елдің стратегиялық ұстанымын түбегейлі өзгертті
Пхеньяндық «Мансудэ» Съезддер сарайында ракеталық жобаны жүзеге асыруға қатысқан ғалымдар мен технологтарды марапаттау кезінде КХДР Мемлекеттік кеңесі мен Корея Еңбек партиясының төрағасы сөз сөйледі.
Ким Чен Ынның айтуынша, КХДР-да өткен КБР «Хвасон-14»-тің сәтті ұшуы елдің стратегиялық ұстанымы мен әлемдік саяси құрылымды түбегейлі өзгертті.
- Бұл жағдай партияның экономиканы дамыту мен ядролық күшті нығайты параллельді жолының негізді болғанын нақтылады, - дейді республика жетекшісі.
Қорғаныс өндірісінде жұмыс істейтін ғалымдар мен технологтар «Істе немесе өл!» ұранымен әскери кепілді қамтамасыз етуде үлкен жетістікке жететініне» Ким Чен Ын сенім білдірді.
КБР жасауда ерекше көзге түскендер Ким Ир Сен мен Ким Чен ИР ордендерімен марапатталып, КХДР Батыры немесе КХДР Еңбек батыры атағы, «Орақ пен балға» алтын медалімен бірге бірінші деңгейдегі Мемлекеттік ту ордені табыс етілді.