Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да суға кеткендердің саны көп

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында облыста 19 адам суға кетіп, қаза тапқан. Оның ішінде төртеуі - бала

Ал 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 26 адамның өмірі қыршыннан қиылған екен. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда, біршама аз екені көрініп тұр. Алайда бұл тек алғашқы айдың ғана қорытындысы екенін ескерсек, келісті тұжырым жасау ертерек болар. Оның үстіне, ендігі екі айда суға түсуге ниет етушілердің саны күрт көбеймек. Өйткені алдағы екі айда қызметкерлер мен жұмысшылардың жазғы демалысы басталады. Жағдайы жеткендер шетел жағажайларына аттанса, тұрғындардың көбі жергілікті демалыс орындарын таңдайды.

Ал шомылу маусымы басталғаннан бері жаздың алғашқы айының өзінде 13 адам суға кетіп, қайтыс болған. Оның екеуі - бала. Ал 2016 жылы маусым айында 21 адам қаза болған екен. Былтыр бір айдың ішінде бес бала жазатайым оқиғаға тап болған.

Жағалаудағы қайғылы жағдайларға жабдықталмаған орындарда суға шомылу, балаларды су жағасында қараусыз қалдыру, балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау, мас күйінде суға түсу сынды жауапсыздықтар себеп болады.

- Суға батып кеткен 19 адамның 11-і жабдықталмаған орындарда суға шомылғанның, жүзе білмегеннің кесірінен қаза тапса, ата-аналардың жауапсыздығынан 4 баланың өмірі қыршын кеткен. Ал төрт адам балық аулау кезінде қайтыс болған, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадьяров.

Балалардың мерт болуының бір-ақ себебі бар. Ол - ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Мұны өңірлік жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы да нақты айтып отыр.

- Балалардың суға кетуіне ата-аналардың өздері кінәлі. Бұл - даусыз дүние, - дейді бас құтқарушы Анатолий Рожков.

Мәселен, 29 маусым күні Шүлбі су қоймасынан бес жасар баланың сүйегін құтқарушылар алты күн іздеп әрең тапқан. Ішімдікке сылқия тойған қырық жасар екі әйел жүзу матрасына баланы отырғызып, жүзуге аттанған. Алайда матрас төңкеріліп, үшеуі де суға кеткен. Бір әйел жүзе алғандықтан, жағалауға өзі жеткен. Тағы бір әйелді ер адам құтқарып қалған, бірақ бес жасар бала суға кетті. Ата-аналардың бейқамдығы бала тағдырына тікелей әсер ететіндігін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары айтудан еш шаршамайды.

Арнайы жабдықтар қойылмаған жағажайларда шомылу қатерге бас тігумен бірдей. Өйткені мұндай жағажайларда судың жағдайы туралы ешқандай мәлімет берілмейді, оған қоса құтқарушылар тобы да болмайды.

- Ең бастысы - жүзуді үйреніңіз. Шомылуға арнайы жабдықталған жағалау мен демалыс орындарында суға түсіңіздер. Жүзу білмейтіндер суы белден аспайтын жерлерде шомылсын. Үрленген матрастарды, автокөлік камераларын қолдану өте қауіпті. Жел соғып, жағалаудан алыстатып әкетуі мүмкін. Балаларды әрқашан назарда ұстау қажет. Қайық, катамаран сынды гидротехникалық құралдардың жанына жақындамаңыз. Суда жалған дыбыс шығарып, қалжыңдаудың өзі қатерлі жағдайға ұрындыруы мүмкін, - дейді Нұрлан Әбілбайұлы тұрғындарға өз кеңесін беріп.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті биыл адамдар күнделікті шомылатын 61 суға түсу орнын тексерістен өткізген, оның ішінде 13-і балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлері. Өңірлік жедел-құтқару жасағының бастамасымен 63 қоғамдық құтқарушы дайындалды. Облыстағы әртүрлі су қоймалары жанында 185 ескертпе белгілер қойылды.

- Өскемен қаласы мен Бесқарағай ауданында таратылатын суық су мен жарық есепшоттарының артына шомылу кезеңіне қатысты қажетті ақпараттар берілді. Қала мен аудан экрандарында, телеарналарда шомылу маусымына қатысты әлеуметтік роликтер таратылды. Мұндай роликтерді халыққа қызмет көрсету орындары мен теміржол вокзалдарынан да көруге болады, - дейді Нұрлан Мадьяров.

Сонымен қатар, облыстық орталық бассейнде балаларға арналған жаттығу сабақтары өткізіліп, жылдың басынан бері 1000 балаға жүзу тәсілдері үйретілген.

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы «ШҚО ТЖД ескертеді!» атты мобильді қосымша жасап шығарған. Бұл бағдарламаны кез келген смартфонға PlayMarket желісінен жүктеп ала алады.


Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →