Жапония билігі КХДР-дың ракета ұшыруына қарсылық білдірді
Жапония үкіметі КХДР елінің баллистикалық ракета ұшыруына байланысты қарсылық айтты
Біздің ел КХДР елінің мұндай қайталанбалы арандатушылық әрекетін жолбермеушілік деген пікірде, Солтүстік Кореяға шешімді қарсылы білдіріп қатаң сын айтады, - дейді Жапондық министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга.
Жапон үкіметінің бас хатшысының айтуынша, Солтүстік Кореяның әрекеттері әуе және теңіз кемелерінің қауіпсіздігі тұрғысынан үлкен мәселе тудырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзады.
Естеріңізге саламыз, жуықта Солтүстік Корея баллистикалық ракета ұшырған болатын. Жапония билігінің ақпаратынша, ракета Шұғылалы елдің экономикалық өңірінде құлаған.