Жамбыл облысында кене шаққан әйел адам қайтыс болды
Улы кененің шаққанынан қайтыс болған бірінші адам Жамбыл облысында тіркелді
КТК телеарнасының сайты хабарлағандай, 39 жасар әйелден конго-крым безгегі тым кеш анықталған. Науқас басында ішінің қатты ауырғанын айтып шағымданған, кейін асқазан жарасы анықталып, ем қабылдай бастаған. Тек үшінші күні қан кете бастағанда ғана, бірдеңенің дұрыс еместігін байқаған.
Өкінішке орай, дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады. Қазіргі уақытта қаза тапқан адаммен байланыста болған барлық 14 туысқаны мен 36 медқызметкерлер қатаң бақылауға алынған.
Облыста кенеден конго-крым безгегіне шалдыққан тағы екі оқиға тіркелген.