Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

4 шілдеге арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live ақпараттық порталы әлем елдерінде болып жатқан ең өзекті жаңалықтарды оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отыр

Трамп G20 саммитіне өткізде Маркельге көмектеспек


АҚШ Президенті Д.Трамп 4 шілде күні Германия канцлері А.Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, алда келе жатқан G20 саммитін салтанатты түрде өткізуге көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Екі басшының әңгімесі жаһандық климатты сақтау, кәсіпкер әйелдерді қолдау, сауда қатынастарын реттеу мәселелері төңірегінде өрбіген.


Пекин билігі Солтүстік Кореяға санкция қоюға қарсы


Қытайдың БҰҰ жанындағы өкілі Лю Цзеи Пекиннің Солтүстік Кореяға қатысты біржақты сакнция қою шешіміне қарсы екендігін жеткізді.

Өкіл Солтүстік Кореяға қатысты қолданылатын шешімді тек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ғана қабылдай алатындығын айтты.

- Біз аймақтағы мәселені жақсартуға қатысты шаралар мен шешімдерді Қауіпсіздік Кеңесі ғана қабылдай алады деп ойлаймыз. Десе де, біз санкция қою арқылы мәселені реттеу шешімін дұрыс жол деп санамаймыз. Мұның өзге де жолдары болуға тиіс, - деді Лю Цзей журналистерге.

Қазіргі таңда Солтүстік Корея мен АҚШ арасында бірдақты санкция шаралары бекітілген.


Үндістан премьері тұңғыш рет Израиль еліне келді


Үндістанның қазіргі премьер-министрі Нарендра Моди 70 жылдың ішінде Израиль еліне келген тұңғыш үнді басшысы саналады. Кездесу бүгін, 4 шілде күні өтеді.

Израиль тарапы бұл ресми сапардан үлкен өзгерістер күтетіндігін айтуда.

- 70 жылдың ішінде үнді басшысының Израильге келуі, шынымен де, үлкен тарихи оқиға. Бұл екі елдің жақындасып келе жатқанын білдіреді. Кездесу экономиканың барлық секторларын қамтиды, - дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Моди Израиль елінде болған соң, Палестинаға бармайды деп болжам жасалуда.


Францияның оңтүстігінде атыс болып, бір адам қаза тапты


Оқиға орнында бір адам қаза тапты, 6 адам жарақат алған.

Мотоцикл мен скутерге мінген бірнеше қарулы қарақшылар топталып жүрген адамдарға оқ атып, кейін оқиға орнынан іс суытып үлгерген. Куәгерлер қарақшылардың бірі арабтардың дәстүрлі ұлттық киімін киген.

Полиция қызметкерлері мұны теракті емес, «өш алу» оқиғасы деп отыр. Кейін белгілі болғандай, қайтыс болған адамның өзі де қылмыскер болған.


АҚШ-та тікұшақты ұрламақ болған адамға оқ атылды


АҚШ-тың Орегон штатында, Хиллсборо қаласының әуежайында қарулы азамат тікұшақты ұрламақ болған.

Күдікті ұшақ инструкторына қару кезеп, оған оқ атқан. Алайда ұшақты өзі басқара алмайтынын білген соң, оқиға орнынан қашпақ болған.

Полиция қызметкерлері оны жақын маңдағы алаңнан іздеп тапқан, кейін оқ атқан.

Инструктор мен оның шәкірті зардап шеккен жоқ. Оқиғаға байланысты қаланың барлық рейстері тоқтатылды.

Следующая →