Корей түбегінен кезекті ракета ұшырылды
Солтүстік Корея баллистикалық ракета ұшырды, деп хабарлайды Yonhap News оңтүстік кореялық әскери қызметке сілnеме жасай отырып
Олардың ақпаратынша, ұшыру барысы Қытай шекарасына жақын маңда орналасқан Пхенан-Пукто провинциясындағы Banghyon әуе базасында өткен. Ракета түрі әлі белгісіз.
Жапония үкімеnінің бас хатшысы Есихидэ Суганың айтуынша, ракета Жапонияның экономикалық айлағы болып табылатын Жапон теңізіне барып құлаған. Оның ұшуы 40 минутқа жалғасқан.
Жапон қауіпсіздік қызметі теңіздегі кемелерге қауіпсіздік сақтап, су бетінен ірі заттар анықтайтын болса жергілікті бөлімшелерді ақпараттандыруға шақырады.
Осыған дейін Солтүстік Корея әлемнің кез келген нүктесіне ракеталарының жететіні туралы айтқан болатын.