Астанадағы келіссөзге Ресей мен Иран делегациясы келді
Дамаск делегациясын Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы Сирияның арнайы өкілі Башар Джаафари басқарды
Ресейлік делегация Қазақстанға Сирия бойынша келіссөздің кезекті раундына қатысу үшін келіп отыр, дейді Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов.
Бұл уақытқа дейін Ресей, Иран, Түркия делегациясының бір бөлігі келіп қойды, - дейді ол.
Оның ақпаратынша, РФ делегациясын РФ СІМ Солтүстік Африка және Таяу Шығыс департаментінің директоры Сергей Вершинин басқарып келген. Сонымен қатар Астанаға Дамас делегациясын басқары БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джаафари келген.