Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

1 шілдеге арналған әлемнің таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтар ретін дайындады

Гамбургте Путин Меркельмен G20 саммитін талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Кремль сайты

G20 саммитінің алдында жетекшілер Гамбургте күн тізіміне белгіленген форумның негізгі тақырыптарын талқылады. Сол сияқты климаттың өзгеруі туралы Париж келісімі проблематикасы мен екі жақты ынтымақтастықтың кейбір сұрақтары талқыланды, - дейді хаттамада.

Аталғандай, әңгімелесу үрдісі ФГР елінің бастамасымен өтті.


Неміс католиктері бір жынысты некені заңдастыруға қарсы шықты

Германияның католиктің шіркеуінде бір жынысты некені заңдастыру туралы шешім қабылдаған биліктен көңілдері қалғандарын білдірді.

Біз, католиктер үшін некенің сыры ер адам мен әйел адамның арасындағы одақтастықта қарастырылған. Некеде олар дүниеге бала әкелулері керек. Бір жынысты неке ешқандай нәтиже бермейді. Шіркеу түсінігі бойынша бұлай өмір сүруге болмайды, - дейді Берлин архиепископы Хейнер Кох.

Атап өту керек, Германия канцлері Ангела Меркель өз партия мүшесіндегілерге өз бастамасымен заңдастыруға қарсы екенін айта отырып, дауыс беруге рұқсат еткен болатын. Алайда депутаттардың басым бөлігі бұл өзгерістерді қолдай кетті.


Полиция Бибердің концертінде мачете ұстаған еркектерді құрықтады

Британ полициясының қызметкерлері атақты әнші Джастин Бибердің концертінде мачете ұстап жүрген екі еркекті құрықтады.

Канадалық музыканттың сахнаға шығуға бірнеше минуты қалғанда стадион жанында екі еркек мачете алып шығып, мұсылмандардың атына сес көрсете айқайлаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұл қайшылықтың салдары такси жүргізушісімен болған ұрсыстан кейін туындаған.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері атап өткендей, оқиғаның терроризмге еш қатысы жоқ.


АҚШ-та сал ауруына шалдықтыратын ми құрттарының эпидемиясы тіркелді

Паразиттердің таралу механизмдері айтарлықтай қарапайым келеді. Құрттың балаңқұрты ұлуларға түскеннен кейін олар атжамандарға түседі. Олар сол жерде дамып, ұлу, шаянтектес немесе бақалардың арасынан жаңа тасушы іздей бастайды. Осылайша аталған фауна өкілдерінің тірі етімен бірге адам ағзасына түсіп, бас миының төңірегінде орнығады.

Егер адам ағзасына балаңқұрттар түсетін болса, олар бұл ортада ұзақ өмір сүре алмайды. Алайда, олардың қысқа да зиянды әрекеттерінен кейін ми тіндері өле бастайды. Бұл өз кезегінде бас ауруларын, жүрегін айнытып, безгекке ұшыратады да, ақыры бұлшық ет пен тіпті адам аяқ-қолын сал ауруына шалдықтырады.


Британдық блогерлер зираттан трансляция көрсету үшін өздерін көміп тастады

Өздерін TGFBro деп атайтын британдық екі бейнеблогер Джей Свинглер мен Роммель Генри қауіпті тәжірибе өткізуді шешкен – өз үйлерінің артқы ауласынан зират қазып, өздерін 24 сағатқа көміп тастаған. Әрине, олар бұл уақытты пайдалы өткізу үшін арнайы трансляция өткізіп, твиттерден үздіксіз хат жазып отыруда көздеген.

Қазір олардың әрекеттерін 6 мың адам бақылауда. Бұл каналға барлығы 2,5 миллион адам жазылған. Бұл британдықтардың алғашқы әрекеті емес. Олар осыған дейін бағдаршамда тоқтап тұрғын көліктерге басып кірген немесе белгісіз адамдардың есіктерін қағып «покемондарды» іздеп жүргендерін айтқан.

 

Следующая →