24 маусымға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
АҚШ араб елдерін Катармен диалогқа шақырды
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстонның айтуынша Сауд Арабиясының бастамасымен төрт араб елдері Катарға қойған санкцияларды ауыстыратын кейбір талаптарды орындау қиын, сондықтан диалогқа келу керек, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Тиллерстон айтып өткендей, араб елдерімен қойылған жағдайлар кризистік мәселені шешу үшін диалогқа негіз бола алады.
Оның айтуынша, Катар бұл талаптарды зерттеуде. Осыған орай барлық жақтардың бас қосып, терроризм мен экстремизмге қарсы күресуіне шақырады.
Жағдайда қалыпқа келтіру үшін, ырғақты төмендету керек, - дейді мемлекеттік департамент басшысы.
Венгрия СІМ Еурокомиссияны бопсалады деп айыптады
Венгрия Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто миграциялық кризиске байланысты Орталық Еуропа елдеріне қысым көрсетіп отырған Еурокомиссияның әрекетін сынға алды.
Мәселені шешудің орнына Еурокомиссия Венгрия, Чехия және Полша, орталық еуропа елдерін таңдап, жазалаймыз деп бопсалайды, - дейді Сийярто. - Олар неге шынайы сұрақтармен айналыспайды? Мұның орнына қауіп туралы айтқан елдерге ашық түрде сөгіс айтады, - дейді ол.
Оның пікірінше, «Еуропалық кеңес мигранттар мәселесіне сайқалды қарайды». Біз бір жарым миллион заңсыз мигранттарды Еуропа елдеріне тексерусіз және бақылаусыз өткіздік: оларды ешкім тексерген жоқ, олардың кім екенін, не үшін келгенін, қандай жоспарлары барын білмейміз. Мұның үлкен тәуекел екені айқын, - дейді Сийярто.
Біз Еуропаның ең алпауыт террорлық толқынға ұшырағанын көріп отырмыз: ай сайын теракт орын алады, бұл барып тұрған ессіздік, - деді ол.
Катар блокадаға қарамастан Иранмен ынтымақтасады
Катар Иранмен кешенді қарым-қатынасты жетілдірмек. Сонымен қатар ислам әлемі мәселесін шешу үшін бұл елмен ынтымақтастыққа келмек. Бұл туралы Катар эмирі Тамим бен Хамад Аль Тани Иран президенті Хасан Роуханимен телефон арқылы өткен әңгіме барысында айтты.
Катар эмирі «Иранмен кешенді қарым-қатынасқа келуге дайын екенін және қиын жағдайда қалып отырған ислам әлемі мәселесін шешу үшін ынтымақтастыққа келуге елінің дайын» екенін айтқан.
Эмират басшысының айтуынша, «бұл мәселелерді шешу даналық пен диалогты қажет етеді».
Өз кезегінде Иран президенті мәселенің ретке келетініне үміт білдіріп, бірқатар араб елдерімен Катардың жекеленуі Иранның әлеуетіне ұтымсыз болатынын жеткізді.
Испанияда мыңдаған адам өртке байланысты көшірілді
Испаниялық Андалусиидегі Могер муниципалитетінде орын алған орман өрті салдарынан екі мыңнан астам адам көшірілді. Бұл туралы Cadena Ser радиостанциясы хабарлайды.
Белгілі деректер бойынша, өрт Доньян ұлттық саябағында кешке басталған. Қазір өртпен жүздеген адам және авиация арпалысуда.
Жергілікті барлар мен дүкендер шатырлар мен террасаларды жауып тастаған «күлді жаңбырларға» байланысты жабылуда.
Өрт салдары белгісіз. Алайда құтқарушылар адам факторына да шек келтірмейді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Мальорканың бірнеше жағажайы акулаға байланысты жабылып қалды.
Жерорта теңізіндегі испан аралдарының біріндегі демалушылардың үрейін көгілдір акула алуда. Осыған байланысты жергілікті билік алдыңғы демалыс күндері бірнеше жағажайды көшіруді ойлауда.
Кала Махор және Кан-Пастилья жағажайларында байқалған теңіз жыртқышы туралы дерек құтқарушыларға 24 маусым күні келіп түскен. Куәгерлермен түсірілген бейнеде акуланың адамдардан жүздеген метр жерде жүзіп жүргенін көруге болады. Құтқарушылар қазір дүрбелең орнатқан жыртқышты іздестіріп, жексенбі күні кешкісін ұстаған. Гарпунның жебесінен акула басынан жараұат алған. Акуланың қашан жарақат алғаны белгісіз болып отыр.