Жасөспірім балалар Таиланд короліне ойыншық пистолеттен оқ атқан
Германияда жасөспірімдер Тайланд королі Маху Вачиралонгкорнаны (Раму X) пистолетпен атқылаған
Оқиға 10 маусым күні кешке болған. Тайланд королі Бавария жеріндегі Эрдинг қаласында велосипедпен қыдырып жүрген. 13 және 14 жастағы екі жасөспірім Тайланд басшысын үйдің терезінде тұрып «атқылаған».
- Біз оқтарды таптық. Олар ойыншық қарудан атылған екен, - дейді Bild газетінің полиция өкілдері.
Пластик оқтар королдің арқа жағына тиген. Тайланд басшысы арыз жазудан бас тартты. Оқиғаны прокуратура қарастырып жатыр. 14 жастағы жасөспірімге «қауіпті дене жарақат» жасағаны үшін айыпталып отыр. Ал 13 жасар досы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа келген жоқ.