Катар Араб Әмірлігіне газ тасымалдай беретін болды
Біріккен Араб Әмірлігімен арадағы қарым-қатынас ушығып тұрса да, бұл мемлекет ғаз тасымалдауын әлі жалғастыруда
Бұл жайында Al Jazeera телеканалы хабарлап отыр.
- Араб мемлекеттерімен арадағы қатынас көптеген қиындықтарға душар етсе де, БАӘ еліне газ тасымалдауды тоқтатудан бас тартамыз. Өйткені газ тасымалдауды тоқтатын болсақ, ағайын елге көп зардап келеді, - деді Qatar Petroleum мемлекеттік корпорациясының бас директоры Саад Шерида аль-Кааби.
Кейін белгілі болғандай, Катар Араб Әмірлігіне күніне 56,6 млн текше метр табиғи газ тасымалдайды екен. Ал Біріккен Араб Әмірлігі Батыс елдерінен Катардың терроризмді қаржыландыруын тоқтатуға көмектесуде сұрап отыр.